• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Мамыр 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ҚАЗАҚСТАН — ЖАҢА ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА

22.02.2017
0

Қайрат Балабиев,

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы

Өзінің қилы қиын тағдырында Жұбан ақын айтқандай «мың өліп, мың тірілген» қазақ халқы Тәуелсіздіктің 25 жылдығында өзге мемлекеттің ғасырлап өтетін жолдарынан өтіп, үлкен табыстармен қортындылады. Біз мұны басқа мысалдарға бармай-ақ Оңтүстіктің өмірінен-ақ көріп отырмыз. Тәуелсіздіктің әр жылының жарқын белестері қай салаға талдау жасаңыз алдыңыздан шығады.

Биылғы жылымыз да жақсы басталды. Қазақстан — Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.

Биыл ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып Астанада «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесі өткізіледі.

Алматыда бүкіләлемдік студенттер Универсиадасын табысты өткіздік. Әлемнің жетекші елдерінің оқу орындарынан келген спортшы студенттер сынында Қазақстан мемлекеті екінші орынға нық жайғасты. Осы үкілі доданың басындағы ұйымдастырушылардың «Қазақстан — Универсиаданың ашылу салтанатын бұған дейін мықты делінген ақ олимпиада ойындарынан артық болмаса кем өткізбеді» деп баға беруі еліміз, мемлекетіміз үшін үлкен мерей болса керек-ті.

Осындай бағалаулар Қазақстанның қай шаруаны қолға алса да тиянақты орындайтындығының, болашағының нұрлы, кемелдігінің кепілі екендігін байқатады.

Биылғы жылдың тағы бір үлкен ерекшелігі, Елбасымыз «Қазақстанның Үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жариялады.

Бүгінде әлем өте қарқынды түрде өзгеріп келеді. Алыс мақсаттарға жетуді көздеген мемлекеттер нарық батпағында малтығып қалмас үшін жаһандық болмыс өзгерістеріне сай қимыл жасауы керек.

Елбасы айтқандай, алғашқы жаңғыруда біз жеке мемлекет құра алдық, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға сәтті өттік.

Екінші жаңғыруда «Қазақстан-2050» стратегиясы қабылданып, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кірдік.

Мемлекет Басшысы үшінші жаңғырудың Ұлт жоспары «100 нақты қадамға» байланысты екендігін айтады. Яғни, ұзақ жылдарға арналған «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясы талаптары жауапкершілікпен аяғына дейін орындалуы қажет.

Елбасы әлемдегі ең озық 30 елдің қатарына кіру үшін бес негізгі басымдылық бойынша тапсырмаларын негіздеді. Осыған орай Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Палатаның жалпы отырысында:

— Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауы – еліміздің тарихи белесін бастаған өте маңызды құжат. Онда Елбасымыз Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеп берді.

Осы кезеңде, әсіресе, ұлттық экономиканы көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ең алдымен халықтың әлеуметтік жағдайын күшейтуге ықпал етеді, – деді.

Депутаттық корпустың алдында тұрған ендігі басты міндет – маңызды құжатты еліміздің әрбір азаматына, әрбір отбасына жеткізіп, түсіндіру, кең көлемді насихат жұмыстарын қолға алу керек дегенді айтты.

Осыған байланысты Мәжіліс депутаттары барлық аймақтарды аралап, халықпен кездесуге келді.

Біз негізгі бағыттар бойынша облысымызда қандай жұмыстар жасалып жатқандығын саралап көрдік. Оңтүстік Қазақстан облысы-аграрлы облыс. Көбіне көп мемлекеттік қолдауға арқа сүйегенімен облыс басшысы Жансейіт Түймебаев ішкі ресурстарды тиімді көтеру арқылы республикада көптеген салалар бойынша жетекші орындарға шығуға болатындығын айтып, жұмысты осы бағытта ұйымдастырып жатқандығын ерекше атап өтуіміз керек.

Дәл қазіргі аласапыран жағдайда әлемде шекесі қызып тұрған ешқандай мемлекет жоқ. Дүние жүзіндегі жетекші мемлекеттердің өзі бюджет қоржынын оңды-солды қағып, артық шығындарынан арылып, нарық қыспағынан аман-есен шығудың барлық тетіктерін ойластырып жатыр.

Қазақстан, әрине, жерге қарап отырған мемлекет емес. «Қазақстан-2050» мемлекеттік стратегиясы ұзақ жылдағы дамуға арналған маңызды құжат, елді адастырмас темірқазық.

Елбасы Жолдауында «Бұл жаңғыру-қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ.

Ол Ұлт жоспары — «100 нақты қадам» базасында өткізіледі» деп атап көрсетті.

Әкімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өңірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек деген Мемлекет Басшысы Жолдауға байланысты бес басымдылық бойынша атқарылатын жұмыстарды шегелеп берді.

Облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Елбасының үкімімен Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болып тағайындалғанда «менің барлық күш-жігерім осы өңірді түлетуге жұмсалады» дегенді айтқан еді. Сөз айту бар және оны орындау бар. Облыс басшысы аз ғана уақыттың ішінде сөз бен істің бірлігін бекем ұстайтындығын аңғартты.

Мемлекет Басшысының халыққа Жолдауына байланысты өңірде жоспарлы іс-қимыл жасалатын болады.

Мемлекет басшысының Қазақстанды дамытудың Үшiншi жаңғыруы бойынша жасаған Жолдауы әлемдiк дағдарыс кезiнде алға батыл қадам басуға бағыттайтын саяси құжат болып табылады.

Осы мақсатта Елбасы бес негiзгi басымдықты айқындады. Олар экономиканың әлемдiк өсiмiнiң орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдiң қатарына қарай тұрақты түрде iлгерiлеуге лайықталған.

Бiрiншi басымдық – экономиканың жеделдетiлген технологиялық жаңғыртылуы. Яғни бiздiң өңiрiмiзде жұмыс iстеп жатқан кәсiпорындарда жаңа цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге қол жеткiзуiмiз қажет.

Бұл бағытта өңiрiмiзде барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда, 11 индустриялық аймақ құрылды. «Оңтүстiк» арнайы экономикалық аймағында кәсiпкерлерге қажеттi барлық инфрақұрылым қарастырылған.

Осы орайда, облыстық кәсiпкерлiк, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы өңiрдегi отандық ғылыми-зерттеу институттарымен бiрлесiп, жоғары инновациялық технологияларды қолданатын жергiлiктi кәсiпорындарға қолдау көрсетуi қажет.

Сонымен қатар, облыстағы экспортқа бағытталған кәсiпорындардың санын арттыру мақсатында жергiлiктi тауар өндiрушiлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғарылатып, бүгiнде 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын өңiрлiк экспорттық айналымды 2 есеге арттыруымыз қажет.

Елбасымыздың әрдайым, алға қоятын басты мiндетi – жеке және шетелдiк инвестиция көлемiнiң экономикадағы үлесiн арттыру. Осы орайда, жалпы инвестициядағы 14,5 пайыз көлемiндегi шетелдiк инвестиция үлесiн 2020 жылға дейiн 25 пайызға ұлғайтуымыз қажет. Осы мақсатта инвесторлармен тығыз жұмыс жүргiзiп, оларға тиiмдi жағдайлар жасауға тиiспiз.

Бұл бағытта облысымызда тиiстi жұмыстар өз деңгейiнде атқарылуда. Атап айтқанда, облыстың барлық өңiрлерiнде арнайы инвесторлармен жұмыс iстейтiн мобильдiк топтар құрылған.

Өңiрiмiз аграрлық болғандықтан, осы секторды экономиканың жаңа драйверiне айналдыру бiз үшiн ерекше мiндет.

Бұл бағытта да атқарылып жатқан жұмыстар жеткiлiктi. Атап айтқанда, облысымыз елiмiздiң көкөнiс және бақша өнiмдерiн өндiретiн өңiрi және басты жеткiзушiсi болуы қажет.

Бүгiнде облысымыздағы жылыжайлардың үлесi республика бойынша 87 пайызды құрайды. Сол сияқты тамшылатып суару, интенсивтi баулар бойынша да алдыңғы қатардамыз.

Осы айтылған қарқынды көрсеткiштердi жоғарылату мақсатында облыс диқандары отандық алдыңғы қатарлы ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз жұмыс iстеуi қажет. Бұл үшiн ұсақ шаруа қожалықтарын iрiлендiрiп, бiрiктiру аса маңызды. Облыстағы каналдарды қалпына келтiрiп, егiстiк жерлердiң көлемiн 900 мың гектарға жеткiзуiмiз керек.

Мiне, осы айтылған мiндеттер мен мақсаттарды орындай отырып, 2025 жылға қарай облысымыздың жалпы өңірлік өнім көлемiндегi ауыл шаруашылығының үлесiн 9-дан 15 пайызға ұлғайтуымыз керек.

Екiншi басымдық – бизнес-ортаны түбегейлi жақсарту және кеңейту. Елбасымыз белгiлегендей, бiздiң стратегиялық мақсатымыздың бiрi – елдiң iшкi жалпы өнiмiндегi шағын және орта бизнестiң үлесiн 2050 жылға қарай кем дегенде 50 пайыз болуын қамтамасыз ету.

Бұл орайда, облыста тиiстi деңгейде жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, кәсiпкерлерге қызмет көрсету орталықтары барлық аудан, қалаларда ашылып, «бiр терезе» қағидасымен қызмет көрсетуде. Сонымен қатар, шағын және орта бизнес өкiлдерiне жеңiлдетiлген несиелендiрудiң барлық тетiктерi қарастырылған.

Бiздiң облыс елiмiзде ауыл шаруашылығы саласы, оның iшiнде ауылдық жерлердiң кәсiпкерлерiн несиелендiру бойынша алдыңғы қатарда.

Мемлекет басшысы атап өткендей, кәсiпкерлiктi дамытуға мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгi аясын кеңейту зор мүмкiндiк бередi. Бұл жерде әңгiме бiрқатар мемлекеттiк қызметтер көрсету мiндетiн бизнеске беру iсiне қатысты болып отырғаны айқын.

Аталған мiндеттердi орындау жөнiнен де облысымыз республикада алдыңғы орында. Атап айтқанда, мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгi бiздiң өңiрдiң мектепке дейiнгi бiлiм беру саласында дамыған.

Облысымызда мемлекеттiк-жекеменшiк серiктестiгiн дамыту әрбiр аудан, қала әкiмiнiң басты мiндетi екенiн ескеру керек.

Үшiншi басымдық – макроэкономикалық тұрақтылық. Селолық округтердiң дербес бюджеттерiн енгiзу жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жергiлiктi маңызы бар өзектi мәселелердi шешуге нақты қаржылай және материалдық ресурстарымен, сондай-ақ, халық рөлiн арттыруды қамтамасыз етуге жол ашады.

Бүгiнгi таңда облыста 14 аудан, қалалар бойынша 181 кент, ауыл, ауылдық округтер және аудандық маңызы бар қалалардың әкiмдiктерi бар (мемлекеттiк қызметшiлердiң саны – 1 716 штаттық бiрлiк).

Осыған орай, 2018 жылдан бастап 175 әкiмдiкте өз дербес бюджетiн енгiзу жоспарланса, 2020 жылдан бастап қосымша алтауына мұны жүзеге асыру күтiлуде.

Сонымен қатар, қолданыстағы бюджеттiк заңдылықта аудан (қала) бюджетiнiң құрамында 17 бағыт бойынша қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң шығыстары көзделсе, 2018 жылдан бастап ауыл әкiмдiктердiң бюджетiнде 19 бағыт бойынша шығыстар жоспарланатын болады.

Төртiншi басымдық – адами капитал сапасын жақсарту.

Бұл басымдықты жүзеге асыру үшiн Елбасымыз негiзгi мiндеттердi белгiлеп бердi.

Яғни, IT-бiлiмдi қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, ұлтжандылықты дамыту бойынша қала мен ауыл мектептерi арасындағы бiлiм беру сапасының алшақтығын азайту. Сондай-ақ, үш тiлдi оқуға кезең-кезеңмен көшу және «Баршаға арналған тегiн кәсiптiк-техникалық бiлiм беру» жобасын iске асыру.

Бұл ретте, бiлiм саласында белгiленген индикаторларға қол жеткiзiлуiн қамтамасыз етуiмiз қажет. Атап айтқанда, 2020 жылға дейiн апатты және үш ауысымды мектептердi жою, мектепке дейiнгi тәрбиемен және оқытумен қамтылу көрсеткiшiн 100 пайызға жеткiзу және т.б.

Биылдан бастап денсаулық сақтау жүйесi өзгередi. Мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң, азаматтардың ортақ жауапкершiлiгiне негiзделген мiндеттi медициналық сақтандыру жүйесi енгiзiле бастайды. Бұл жүйенiң тиiмдiлiгi әлемдiк тәжiрибе арқылы дәлелденген.

Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы аудан, қала әкiмдiктерiмен бiрлесе аталған жүйе бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсiндiру жұмыстарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етуi қажет.

Әлеуметтiк қамтамасыз ету саласында Елбасы тапсырмасына сәйкес, зейнетақы мөлшерi ұлғайып, бiрқатар әлеуметтiк жәрдемақылардың көлемдерi артатын болады.

Жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы, аудан, қала әкiмдерi аталған әлеуметтiк қолдау шараларымен тиiстi халықтың толық және уақтылы қамтылуын жүзеге асыруы қажет.

Бұл өз кезегiнде, облыстағы өмiр сүру шегiнен төмен табысқа ие халықтың үлесiн 2020 жылға дейiн 6%-ға дейiн азайтуды қамтамасыз етедi.

Сонымен қатар, мемлекеттiк және үкiметтiк бағдарламалардың аясында жүзеге асырылып жатқан жобалар облыстың барлық аудан, қалаларында да бар. Бұл жұмыссыздық деңгейiнiң 2020 жылға дейiн 4,7 пайызға төмендеуiн қамтамасыз етедi.

Бесiншi басымдық – институционалдық өзгерiстерге, қауiпсiздiкке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықпен күрес – бұл әрбiр мемлекеттiк органның, әрбiр қызметшiнiң, әрбiр азаматтың күнделiктi тiршiлiгiндегi бiр бөлiгi мен мiндетi болуы қажет.

Міне, облыста Елбасы Жолдауда негіздеп берген бес басымдылық бойынша жасалатын жұмыстар осылайша өріледі. Яғни, атқарылатын жұмыстар көп, оны мүмкіндігінше орындауға облыстың әлеуметтік-экономикалық қуаты жетеді.

Мәселен, мемлекетіміз үшін аса маңызды сала өнеркәсіп өнімінің көлемі бойынша республикада үшінші орынға шығуымыз ұзақ жылдарға межеленген жоспарлардың жемісін бере бастағанының кепілі.

Елбасы екінші кешенді міндетте жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз қажеттігін айтады. Экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру қажеттігін ұсынады.

Осы бағытта Оңтүстікте қолға алынған жұмыстарды баяндар болсақ көңіл тоғайтар істер жетеді.

Мәселен, Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері Индустрияландыру картасы аясында жалпы құны 206,6 млрд. теңгеге 9,5 мың жаңа жұмыс орнын құрайтын 159 жоба іске қосылды.

Индустрияландыру картасының екінші бесжылдығына құны 1,2 трлн. теңгені, 18,3 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жоба енген. Оның ішінде 2016 жылы 7,4 млрд. теңгені құрайтын 19 жоба іске қосылды.

Бұл жобалармен 2016 жылы 100,9 млрд. теңгеге өнім өндірілді.

Жалпы, индустрияландыру бағдарламасы аясында облыстағы көптеген өнеркәсіп салалары заманауи құрал-жабдықтармен қайта жарақтандырылды. Өңірде жаңа өнім түрлерін өндіретін жаңа өндірістік нысандар іске қосылды.

Облыстың индустриялық аймақтарында 200,5 млрд.теңгеге 170 жобаны іске асырып, 12 мыңнан астам жұмыс орнын құру жоспарланса, 2016 жылы 5,9 млрд. теңгеге 15 жоба іске асырылып, 585 жұмыс орны құрылды.

Жалпы индустриялық аймақтарда іске асырылған жобалар саны 66-ға жетіп, 36,3 млрд. теңге инвестиция тартылды және 4160 жұмыс орны ашылды.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдына 2025 жылға қарай шикізаттың емес экспортты екі есе ұлғайту міндетін қойса республикада алғашқылардың бірі болып, индустриялдық аймақтар құрған Оңтүстік осы келелі міндеттерді кезең-кезеңімен оңтайлы шешіп келеді.

Елбасы Үкіметке бірыңғай экспорт стратегиясын әзірлеп. Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісінде көшбасшылықты сақтап қалу қажет дегенді айтты.

Осы жұмыстардың Оңтүстікте қалай жүзеге асып жатқандығын айтар болсақ, өткен жылы негізгі капиталға 380,6 млрд. теңге инвестиция тартылған екен.

Халықаралық шетел және еліміздің тәуелсіз сарапшыларымен жүргізілген сауалнаманың қорытындысымен біздің облыс өңірлер арасында инвестиция тартуға тиімді әрі қолайлы болып табылды.

Шетел инвестицияларын тарту және сауда-экономикалық қарым-қатынасты орнату мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысының басшылығы мен бизнес өкілдерінің қатысуымен Иран, Малайзия, Ресей Федерациясы мен Австрия елдеріне 5 арнайы іскерлік сапар ұйымдастырылды.

Өткен жылы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің басшылығы 70-ке жуық әлеуетті инвесторды қабылдады.

Президент Аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналу керектігін айырықша атап келеді. Оңтүстік бұл бағытта республикада көп сала бойынша көшбасшылық орында тұрғанын мақтанышпен айтуға тиіспіз. Егін шаруашылығын әртараптандыру, мал тұқымын асылдандыру, суармалы жерлерді көбейтіп, ағын сумен қамтамасыз ету бағытында іргелі жұмыстар атқарылуда.

Өсірілген бау-бақша, мал өнімдерін қайда өткіземін дейтіндей емес, еліміздегі табиғи азық-түлікті сатып алуға ықылас білдіретін мемлекеттердің қатары жыл сайын көбейіп келеді. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев «Оңтүстік-көкөністің Отаны болады» дегенді сеніммен айтса, оған негіз бар. Сол сияқты аймақ басшысының «Біздің өңдірген өнімдеріміз жерде қалмайды. Оны тұтынуға Қытайдың бір шағын қаласының өзі ғана жетеді» деген пікірі агрошаруашылықтардың келешегі үлкен екендігін аңғартады.

Жасыратын несі бар, кейбір елдердің азық-түлік жетпегендіктен әлдебір сұйықтықтан қырыққабат, жұмыртқа жасап, мөлдір клеёнкадан күріш шығарып жатқандығы әлеуметтік желіде жүр. Сондықтан, Елбасымыздың астық өнімдері бойынша біз Еуразияда «нан кәрзеңкесі болуымыз керек» деген пікірі дүние жүзіндегі көптеген халықтардың табиғи тағамға деген қажеттілігін айқындайды.

Мемлекет Басшысы «Қазақстанның үшінші жанғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында алдағы мақсатты негіздеп берді. Орындалмайтын тапсырма емес. Мемлекеттің де, елдің де әлеуеті жетеді. Енді осы мақсатқа Төле би бабамыз айтқандай «бір қолдың саласындай, бір үйдің баласындай» болып бірігіп, мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуына атсалысуымыз керек.

Қазір әлемдік саясат көз алдымызда асқан жылдамдықпен өзгеріп жатыр. Одан ешкім бөлініп қала алмайды. Осындай жағдайларға байланысты Қазақстан Республикасының Президенті билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі өздеріңіздің талқылауларыңыздан өтіп жатыр. Конституция мен заңдарға өзгеріс енгізу заман қажеттілігінен туындап отырған жағдай.

Реформаның екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асатындығы жайлы  айтқан Елбасы неге мұндай қадамға барғанымызды нақтылап берді.

Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеудегі біршама өкілеттіктерін Үкіметке және басқа да атқарушы органдарға берген жөн. Сонда бұл салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толықтай жауап беретін болады. Өкілеттіктерді беру тиісті заңдарды өзгерту арқылы іске асады. Бұл өзгерістерді Үкімет қазіргі Парламенттің сессияның аяғына дейін Парламентке енгізуі тиіс. Екіншіден, одан да күрделі міндет – билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның аясында Үкіметті жасақтаудағы Парламенттің рөлін күшейтеміз. Парламент сайлауында жеңген партия Үкімет құрамын анықтауға түбегейлі ықпал ететін болады. Бұл министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады. Тиісінше, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.

Парламент пен Үкіметтің рөлін арттыру бүгінгі жағдайда тиімді механизм екендігін айтқан Елбасы «Мен мұны жалғыз ғана мақсатпен-елді басқарудың неғұрлым тиімді, орнықты, заманауи жүйесін құру үшін жасап отырмын» деді.

Бүгінде халық талқылауына ұсынылған Үндеуді баршамыз бір ауыздан қолдауымыз қажет. Өзге өркениетті елдердегі тәжірибедей Парламент сайлауында жеңген Партияның Үкіметті жасақтауда орны ерек екендігі айтылды. Мұндай жағдайда ел арасында беделі зор, халық қолдаған «Нұр Отан» партиясының алдында үлкен жауапкершілік бар.

«Нұр Отан» партиясын халқымыздың дені қолдайды, болашаққа үмітін байланыстырады. Сондықтан, партия ұйымы, мүшелері өздерінің қандай қуатты күшке ие екендігін біліп, соған сай жұмысын үйлестіруі керек. Халықты соңына ерте алатын Партия ғана мемлекетіміздің серпінді дамуына кепіл бола алады.

«Нұр Отан» партиясы бүгінге дейін ел қамы үшін тау көтерген Толағай батырдай үлкен қайрат көрсетіп келді. Енді кешегісінен де ауқымды жұмыстарды атқаруына тура келеді. Жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған конституциялық реформалар жобасын бір ауыздан қолдай отырып, мемлекетіміздің келешегін кемел ететін жағдайда жұмыс жасайық дегім келеді.

Биылғы жыл бәріміз үшін, мұсылман қауымы үшін қастерлі, киелі жер Түркістан қаласы — Түркі әлемінің Астанасы статусына ие болды. «Түрксой» ұйымының бірлескен мәжілісінде Түркістанның түркі әлемінің төріне шығуы бәріміз үшін мерейлі мереке, халықаралық құрмет деп ұғуымыз керек.

Күн дидарлы Оңтүстігіміздің айы оңынан туа берсін. Баршамыздың Отанымыз — Қазақстанымыздың көсегесі көгеріп, Елбасы атап айтқандай әлемдегі озық 30 елдің қатарына қосылуды Алла нәсіп еткей.

«Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» деген дана сөз бар халқымызда. Береке, бірлігіміз жасай берсін.

Дереккөз: maslihat_uko

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ НЫШАНЫН ӘЗІРЛЕУГЕ БАЙҚАУ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
23.05.2025
0

Түркістан қаласының нышанын (герб) әзірлеуге конкурс жарияланған болатын. Өтінім қабылдауға санаулы күн қалды, 3-маусымға дейін. Үздіктері қаржылай марапатталатын болады. Атсалысуға...

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.