• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 11, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкентте ата-аналар комитеті Үндеу қабылдады

13.02.2017
0

Ата-аналар комитеттері оқушылардың смартфондар қолдануға қарсы.

09.02.2017 жылы Шымкент қаласының білім бөлімінде қала аумағындағы мектептерінің ата-аналар комитеттерінің, қалалық білім бөлімі, прокуратура органдары, ардагерлер Кеңесінің және облыстық ата-аналар комитетінің өкілдерінің жиналысы өткізілді.

Мәжілісте жасөспірімдер арасында жалпы білім беру мекемелеріндегі тәрбие процессінің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты және аутодеструктивті мінез-құлықты алдын алу сұрақтары талқыланды.

Облыс прокурорының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Х.Р.Маматаевпен балаларға смартфондар қолдануға тиым салу мәселелері көтерілді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының барлық мектептерінде оқушылармен смартфондар қолдануға тиым салынған, алайда, мектептен тыс уақытта мұндай құралдарды қолдануға шектеу қою сұрақтары назардан тыс қалуда.

Сол себептен облыс прокурорының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы Х.Р.Маматаев оқушылармен мектептен тыс уақытта, ата-аналарының бақылауысыз смартфонтар қолдануға шектеу қою мәселесі ортаға салынды.

Аталған ұсыныс ата-аналар комитеттерімен оңды қабылданып, облыстық ата-аналар комитетімен бұқаралық ақпарат құралдары бетінде үндеу жариялау туралы шешімге келді.

Шымкент қалалық ата-аналар комитеті төрағаларының 09.02.2017 ж. жалпы жиналысында  облыстық ата-аналар комитеті, облыстық прокуратура, облыстық ардагерлер кеңесінің қатысуымен қабылданған

 Үндеуі

Құрметті ата-аналар! Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық құндылықтарды ұстанатын аталар мен әжелер! Бала тәрбиесінде заманауи тәрбиеге басымдық беретін әкелер мен аналар!

Әр адам өз заманының баласы. Бүгінгі ұрпақтың тағдыр-талайы  өркениеттің дамыған кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр. Бұл қай салада болмасын, адамға қажеттіліктің бәріне қол жетімділікті қамтамасыз етуде. Бұл бір жағынан жақсы болса, екінші жағынан,  ұрпақ тәрбиесінде өз зардабын тигізбей отырған жоқ. Бұған дәлел:

Заманауи үрдіске ілесеміз деп бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтардан алыстап бара жатқанымыз, яки халқымыздың біртуар перзенті Б.Момышұлы айтқандай, бесік жырын айтпайтын аналар, ертегі айта білмейтін әжелер, шежіре шертпейтін аталар көбейді.

Санада материалдық құндылықтарға басымдық берілу салдарынан рухани құндылықтардан ажырап, бала тәрбиесінде орны толмас олқылықтарға жол беріліп жатыр. Заман түзеліп, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Бұл қуанарлық құбылыс. Дегенмен, осының екінші жағы бала тәрбиесіне кері әсерін тигізуде. Жасөспірімдер өздерінің туған күнін немесе басқа да айтулы мерекелерін қымбат мейрамханалар мен кафелерде немесе ойын-сауық орталықтарында тойлауды үрдіске айналдырған. Сондай кездерде қымбат көліктер жалдап, сейіл-серуендер ұйымдастырып, заңдылықтарға қайшы әрекеттер жасауда. Баланың қолында 200-500 мыңдық смартфондар жүр. Олардан шектеусіз келіп жатқан ақпараттарды әлі оң-солын танымайтын жеткіншек талғаусыз пайдалануда  және оны  шынайы  қабылдап, оның ақыры  ұрпақтың азғындауына,тіпті, өлімге алып келіп соғуда. Қауіпті сайттарға кіріп кеткен жасөспірім түнде ұйықтамайды, сабақта салғырт отырады, баланың психикасы бұзылып, өз әрекетіне саналы түрде жауап беру қабілетінен айырылуда.

Ата-аналар тарапынан бала тәрбиесіне өз деңгейінде мән берілмей, тәулік  бойғы іс-әрекеттеріне көңіл бөлінбейтіндігінің  салдарынан жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен теріс әрекеттер саны артып келеді.

Балалардың толассыз ақпараттар ағымын талғаусыз, талғамсыз өз бетінше пайдаланудың зардаптары көрініс беруде. Мысалы, қоғамды шулатып жатқан «Тихий дом», «Синий кит» т.б. сияқты ойындар.

Кешегі ұстазын ұлықтаған ұрпақтың бүгінде ұсақталып кетуі, түрлі жала жауып, қол жұмсауы, сотқа сүйреуі секілді тарихта болмаған жағымсыз әрекеттер де  қоғамдағы ұрпақ тәрбиесіне кері әсер етуде.

Жарқын  болашағымыздың тұтқасы бала тәрбиесіндегі басты тұлға ата-аналарға үндеу жолдаймыз:

— Ұрпағымыз саналы, қызымыз ұятты,ұлымыз ұлықты болсын десек, кешегі Абайдай, Шоқандай, Мұхтардай, Тұрардай тұлғаларды тәрбиелеп шығарған ұлттық құндылықтарды басшылыққа алайық;

— Егер  ұрпақ болашағына  алаңдасақ,баламыздың қолына қымбат смартфон   ұстауына тыйым салайық. Үйдегі әлеуметтік желіде қашан, қандай байланыста отырып, нендей мәлімет алып жатқанын қатаң  қадағалайық. Байланыста болғымыз келсе, бала қолына жай телефон ұстатайық;

— Балаларымызды жан-жақты дамыту үшін түрлі спорт, өнер т.б. үйірмелеріне баруын және ондағы жолдастарының кім екенін үнемі назарда ұстайық;

— Бала деген жас өскін — талшыбық. Қалай тәрбиелесек, солай өседі. Сондықтан балалардың жанында көп болып, жан дүниесіне үңілейік, сырлас дос бола білейік;

— Жақсы оқушы дегеніміз — жауапкершілікті білетін бала. Ендеше балалардың үлгерімін үнемі назарда ұстайық. Мектеппен, ұстаздармен үздіксіз байланыста болайық. Тәрбиеден кеткен қателікті мектептен ғана іздемей, білім мен тәрбие беріп келе жатқан Ұстазды ұлықтауды үйретейік;

— Бала тәрбиесіндегі басты жауапкершілік, ата – аналар, өзімізде екенін үнемі есте ұстайық.

 

 

 

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.