Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да 700 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады
    Жаңалықтар

    ОҚО-да 700 мыңнан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады

    Айғақ медиаАйғақ медиа10.02.2017282 Views

    Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Әлібек мәлім етті.

    Оның айтуынша, бұқаралық спортты дамыту мақсатында 2016 жылы облыс аумағында 4849 түрлі спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған  550 мыңна астам адам қатысса, оның ішінде ауылды жерлерде ұйымдастырылған 3151 спорттық шараға 362 975 азамат қамтылған. Ал, өткен жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданушылар саны 708 884 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы  24,7 пайызға  жетіп отыр. Ауа-райы қолайлы, қысы жылы болатын өңірде спортпен шұғылданамын деген азаматтарға бүгінде барлық жағдай жасалуда.

    Мәселен, 2016 жылы қала, аудандардағы елді мекендерде демеушілер есебінен 52 спорт алаңшалары салынып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ, елді мекендерде жергілікті бюджет, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында және «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасы аясында облыс көлемінде жалпы 116 спорт алаңшалары салынды. Шардара ауданы мен Түркістан қаласында спорт кешендері ашылды. Ал, Шымкент қаласында барлық санаттағы азаматтарға дене шынықтыру және спортпен шұғылдануы үшін «Жеңіс», «Тәуелсіздік», саябақтары мен «Нұрсәт» шағын ауданы мен «Наурыз» алаңында 4 «Street Workout» спорттық қозғалысына арналған арнайы алаңшалар стандартқа сай салынып, халық игілігіне берілген.

    Бұл Елбасымыздың спортқа және бұқаралық спорттың дамуына айрықша көңіл бөлуінің арқасында жүзеге асып отыр. Бұқаралық спорт — ұлт денсаулығының кепілі. Осы ұстанымды қолдайтын оңтүстікқазақстандықтар мейлінше спортпен шұғылдануға ден қоюда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.