«Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне Ерлан Тынымбайұлы Қарин тағайындалды. Ерлан Тынымбайұлы Қарин 1976 жылы 26 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Ақсу ауылында дүниеге келген. Мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы ғалым. 1998 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында ғылыми қызметкер болып еңбек етті.2005 жылдары Орта Азиялық саяси зерттеу агенттігінің директоры, 2005-2006 жылдары террорлыққа қарсы орталық бағдарламасының бағдарлама директоры қызметін атқарды. Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. Соңғы кезде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» ХДП хатшысы болып еңбек етті. «Құрмет» орденімен марапатталған. 2014 жылдың 16 қазан күнінен бастап ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры қызметін атқарған. Жаңа басшыны жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына табыс, ісіне сәттілік тілейміз!