Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ҚР Президенті Н.Назарбаев: Қылмыстардың барлық фактілері міндетті түрде тіркелуі керек
    Жаңалықтар

    ҚР Президенті Н.Назарбаев: Қылмыстардың барлық фактілері міндетті түрде тіркелуі керек

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бас прокуроры Жақып Асановпен кездесу өткізді, деп хабарлады елбасының баспасөз қызметінен.

    Ақорданың ресми сайтында сейсенбі күні жарияланған хабарда айтылғандай,

    кездесу барысында Ж.Асанов Нұрсұлтан Назарбаевқа құқық қорғау органдарының 2016 жылғы қызметінің қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары туралы баяндады.

    Қазақстан Президенті елдегі қоғамдық қауіпсіздік ахуалын жақсартуға бағытталған реформалардың маңыздылығын атап өтті.

    – Осы жылдар ішінде біз барлық салада реформа жасап келеміз. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығының қорытындысы бойынша экономикалық өсім және тұрғындардың әл-ауқаты артқанын байқаймыз. Алайда, құқық қорғау органдары қызметінің мәселелері ешқашан өзектілігін жоғалтқан емес. Біз тиісті шаралар қабылдап, заңнамаларға өзгерістер енгізудеміз, – деді Елбасы.

    Мемлекет басшысы бұрынғы кезде тіркелген қылмыстар саны алдыңғы жылғы көрсеткіштен көп болса, құқық қорғау органдары жазаланып отырғанын айтты.

    – Жазадан қашып, мәліметтерді жасырған немесе өзгерткен жайттар кездесіп жататын. Ал қазір фактілер міндетті түрде тіркелуі тиіс, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Қазақстан Президентіне Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларды орындау барысында бизнес өкілдеріне жүргізілетін тексерістер санын азайту мақсатымен қабылданған шаралар туралы айтылды. Бұдан бөлек, Бас прокурор құқық қорғау саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынастарды нығайту, экономикалық құқық бұзу жайттарымен күресу үшін кадрлар даярлау жөнінде жүргізіліп жатқан іс-шараларды атап өтті.

    Ж.Асановтың айтуы бойынша, Бес институционалдық реформаны және Қазақстан Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын іске асыру барысында қазіргі уақытта прокуратура органдары алдына қойылған міндеттерді орындау, атап айтқанда, әкімшілік және қылмыстық үдерістерді электрондық-цифрлық форматқа көшіру, сондай-ақ жекелеген жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.

    – Қоғамдық қауіпсіздікті жақсартудың тағы бір индикаторы – бас бостандығынан айырылғандар саны. Қазақстанда олардың саны 90-шы жылдардың басында 100 мыңға жуық еді, бүгінде бас бостандығынан айыру орындарында одан үш есе төмен – 36 мың адам отыр, – деді Бас прокурор.

    Соңында Мемлекет басшысы ел заңнамасы нормаларының сақталуын бақылайтын орган ретінде прокуратураның айрықша рөлін атап өтіп, Бес институционалдық реформа мен Қазақстан халқына жолдаудың іске асырылу барысын қатаң бақылау қажеттігін айтты.

    Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

    Фото: akorda.kz

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.