Мектеп оқушылары үшін үй тапсырмаларының көлемі қысқартылады, деп мәлім етті ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев.
«Бізде үй тапсырмасына қатысты қысқартулар болады», — деді Е. Сағадиев журналистерге сейсенбі күні үкімет отырысынан кейін.
«Бүгін не ертең хабар шығады. Онда мектеп директорларының, әдіскерлердің екі тобы үй тапсырмасының көлемімен айналысқан (қорытындысы айтылады)», — деді ол.
Министрдің айтуынша, оларда «үй тапсырмасын 40 минутқа – бір сағатқа қысқарту» туралы ұсыныс бар.
«Және, бәлкім, барлық пән бойынша үй тапсырмасы берілмеуі де мүмкін. Үй тапсырмасы электрондық түрде шығарылып тұрады», — деді ол.
Фото: bilim-all.kz