Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аудан жұртшылығымен бірлесе талдап, насихаттаған кездесуі болды. Жиынның күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі үндеуі және Елбасымыздың халыққа арнаған жолдауын елге етене таныстырып, насихаттау мәселелері қаралады. Кездесуге келген ҚР Парлементі Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы Бейсенбаев Асқар Асанұлы және ҚР Парламенті Сенатының әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі Бектаев Әли Әбдікәрімұлы күн тәртібіндегі қаралған екі мәселеге орай жиылған аудан тұрғындарына Елбасы Жолдауы мен конституциялық реформалар бағытындағы Үндеуге қатысты мәселелер төңірегінде хабарлама жасады. Сондай-ақ Президентіміздің Жолдауында нақытыланған басты басымдықтарды таразылай отырып, экономика, ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, индустрияландыру, тұрғын үй, жол, денсаулық, білім, дін, сыбайлас жемқорлық сияқты бүгінгі таңдағы өзекті де ауқымды мәселелер төңірегінде болып жатқан оңды өзгерістерді, алдағы атқарылатын шаруалар мен тың басым бағыттарды нақты түсіндіріп берді.
Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ
Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от президента ТРК «Айгак» Абиш Дулатбека Назарбековича с...