• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте аңшылық мерзімге уақытша тыйым салынды

07.02.2017
0

ОҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Д.Қ.Мағауиннің

(ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 25-2 бабына сәйкес)

ҮНДЕУІ

Қазақстан Республикасы «Прокуратура туралы» Заңының 25-2  бабын басшылыққа ала отырып, келесідей үндеу жасаймын.

Аң аулау – елеміздегі жануарлар дүниесін пайдаланудың бір түрі болып саналады және көне кәсіп ретінде танылады. Ертеде адам қоректеніп, аман қалу үшін аң ауласа, қазіргі кезде адам эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аң аулайды, яғни өзгеше әуес болып табылады.

Соңғы 5 жылда өңіріміздегі аңшылардың саны 20 % өсіп, 7 мыңнан астам адамды құраған.

Кез келген саладағы қызмет сияқты, аң аулауда тиісті ережелермен реттеледі және аталған ережеде аңдардың түрі, аң аулау тәсілі мен аңның әр түріне аң аулау мерзімі белгіленген.

Аталған ереже Ауыл шаруашылық министірінің м.а. 2015 жылдың 27 ақпанындағы бұйрығымен бекітіліп, ресми түрде бұқаралық ақпарат құралдарынды жарық қөрген.

Мысалы, аңшыда келесідей құжаттар болуы қажет: аңшы куәлігі, жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат,  аңшылық шаруашалық субъектісінің жолдамасы. Ал, аң аулау қару қолдану арқылы жүргізілсе, азаматтық қаруды, оның оқ дәрілерін сақтауға және алып жүргуге рұқсат та қажет. Аң аулау тек ережеде көрсетілген мерзімде және онда көрсетілген аңдарға ғана жүргізіледі.

Өкінішке орай, кейбір аңшылармен аң аулау ережесі талаптарының  сақталмауы да кездеседі. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органдармен 100-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершіліктерге тартылса, 2-3 тұлға қызыл кітапқа енгізілген аңға аңшылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктерге тартылуда.

Аталған ереженің талаптары сақталмаған жағдайда жеке тұлғаларға  салынатын әкімшілік айыппұлдың көлемі 160 мың теңгені құрайды. Ал, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда  7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.

Айтылған көрсеткіштер заңсыз аң аулаудың шынайы көрінісі деп айта алмаймыз. Барлығымыз білеміз заңсыз аң аулауды жүзеге асыратын тұлғалардың саны әлде қайда көп. Бұған мысал ретінде бір ғана мәселені айтуға болады.

Атап айтсақ, соңғы 5 жылда арнайы ұйымдармен ойық ұңғылы қарудың 312 мың оқтары сатылған. Ал, атуға ұсынылған аңның шекті нормасының өлшемі 830 құраған. Сонда 1 бас аңға 376 оқ сатып алынған деп айтуға болады.

         Аңшылықтың адамгершілік жағы да болуы керек, бейбірекет аңшылық жасаудың салдарынан көптеген аңдардың түрлерін жоғалтып алуымыз мүмкін. Мысалы, қазіргі таңда браконьерлердің аңшылық нысанына айналған, тек біздің өңірде кездесетін Қаратау архарының саны небәрі 370 басты құрайды.

Облыс тұрғындарының назарын, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында аң аулау мерзімі ақпан  айының 15 тоқтатылатындығына аударғым келеді. Бұл мерзімге дейін тек ондатраға, қарсаққа, түлкіге, бұлғынға, құнуға, сарғыш күзенге, ақкіске және қоянға ғана аңшылық жасауға болады.

 
   

Ал, 16 ақпаннан бастап, 14 маусымға дейін аң аулауға толықтай тыйым салынады. Яғни, көктемгі аңшылық болмайды.

Бұндай тыйым салу орман шаурашылығы және жануарлар дүниесі Комитетімен өткен жылдың қараша айында қабылданған №265 санды бұйрығына сәйкес, жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту мақсатында қойылған.

Бұдан бөлек, аталған бұйрықпен аң аулауға рұқсат берілген мерзімде кәсіпшілік аңшылықты қоспағанда, құстар мен терісі бағалы аңдардың әр түріне тәуліктік алып қою мөлшеріне де шектеу қойылған.

Құрметті облыс тұрғындары! Сіздерді аталған талаптар мен шектеулерді сақтауға шақырамын. Бұл шектеулердің қойылуна мемлекет тарапынан жануарлар дүниесін қорғау бағытында жүргізілген терең талдаулар себеп болған. Келер ұрпақ тек суреттерден ғана емес өз көзімен көру үшін жануарлар дүниесін сақтап қалып, көбейуін қолға алуымыз қажет.

Құқық қорғау және уәкілетті мемлекеттік органдарға жануарлар дүниесін қорғау бағытындағы бақылау жұмыстарын одан әрі жандандырып, заңсыз аң аулау деректерін жою мен жауапкершілікке тарту үшін заңмен көзделген барлық шараларды қолдануды ұсынамын.

Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры Данияр Мағауин

 

Бөлісу13TweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.