Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО соты азаматтық істердің 1600-ге жуығын медиация тәртібімен шешкен
    Жаңалықтар

    ОҚО соты азаматтық істердің 1600-ге жуығын медиация тәртібімен шешкен

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.02.2017Updated:07.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Н.Шәріпов брифинг өткізіп, облыс соттарының 2016 жылы сот төрелігін атқару жұмыстарының қорытындылары мен сот жүйесін жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баян етті.
    Сот төрағасы Президент Н.Назарбаевтың бес басымдықтан тұратын «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының маңыздылығы мен өзектілігін атап өтіп, оның жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаның заң алдында теңдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды жалғастыру қажеттілігі туралы айтылған бесінші бағытын іске асыруға облыс судьяларының кірісіп кеткенін тілге тиек етті. Брифинг барысында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді соттарда қарау бойынша негізгі көрсеткіштер айтылды.
    Мәселен, 2016 жылы облыс соттарына азаматтық сот өндірісі тәртібімен  88 022 талап арыз түссе, олардың 82 мыңнан астамы өндіріспен аяқталған. Ал былтыр түскен талап арыздар саны 16 342, яғни 2015 жылмен салыстырғанда 18,5%-ға артқан. Бұл халықтың сотқа деген сенімінің арта түскенін көрсетеді. Өткен жылы 26 171 әкімшілік іс қаралған, ал қараумен аяқталған қылмыстық істердің саны — 5102.
    Сонымен қатар, Нұрсерік Кәрімұлы сот дауларын шешудің балама тәсілдерін, соның ішінде татуластыру рәсімдері мен медиация заңын қолдануға байланысты жұмыстар одан әрі жалғастырылып жатқанын мәлімдеді. Есепті мерзімде  бітімгершілікпен 198, медиация тәртібімен 1567 арыз шешілген.
    «Даулар мен жанжалдарды сотқа арыздану арқылы шешумен қатар, оны балама тәсілдермен шешудің тиімді екенін халыққа насихаттауда көп жұмыстар атқарылды. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен облыстық Ассамблея хатшылығының қолдауымен облыс әкімі жанындағы Қоғамдық келісім мекемесінде Республикада бірінші болып, медиация кабинеті аштық және бұл бастама еліміздің барлық өңірлерінде қолдау тапты»,-деді Н.Шәріпов.
    Айта кетейік, 2017 жылдың 26 қаңтарында Жоғарғы Сот Төрағасы «Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ереже» бекіткен. Бұл пилоттық жоба ұйымдастырушылық және ақпараттық екі бағыт бойынша іске асырылады.
     ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.