• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкент әкімі тұрғындар алдында есеп берді

07.02.2017
0

Бүгін ОҚО әкімі Ж. Түймебаевтың төрағалығымен Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымов халық алдында 2016 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Жиналыста қаланың даму концепциясын іске асыру барысындағы атқарылған жұмыстар жайлы айтылды. Яғни ең алдымен — қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді шешу болса, екіншісі – қаланы көріктендіру және көгалдандыру, ал үшіншісі – бизнеске жағдай жасау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жайлы айтылды.

Қаланы абаттандыру және көріктендіру мақсатында өткен жылы  шет аймақтағы елді мекендерге көп көңіл бөлінді (Мәртөбе, Сайрам, Қарасу елді мекендеріндегі саябақтар қайта құрылды).

Шаһар басшысы өткен жылы «Нұрлы жол», «Индустриялық инновациялық даму», «Өңірлерді дамыту» бағдарламаларын іске асыру арқылы біршама жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілді. Мәселен, өнеркәсіп өнімінің көлемі 327 млрд.теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 4 пайызға, ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 3 пайызға, құрылыс жұмыстарының көлемі 23 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй 14 пайызға өсті.

«Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  шеңберінде                3 777 пәтерлі 64 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Оның ішінде, есепті жылы 90 пәтерлі 2 коммуналдық, 216 пәтерлі жас отбасыларға арналған, «Қазақстанның ипотекалық компаниясы» және «Бәйтерек development» арқылы 996 пәтерлі  32 тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде, 1 302 отбасы тұрғын үймен, 35 отбасы жатақханамен қамтасыз етілді.  

Қалалық бюджет 2016 жылы 111 млрд. теңгені құрап, 2015 жылмен салыстырғанда  28  млрд. теңгеге ұлғайды. Қаржының басым бөлігі, қаланың инжнерлік жүйелеріне, осы саланы дамытуға бағытталған. 52 жобаның құрылысына 20млрд.теңге қаржы бөлінсе, 27-сі пайдалануға берілді. Транспорт саласына өткен жылы 13 млрд.теңге қаржы бағытталып, 2015 жылға қарағанда қаржы көлемі 6,7 млрд.теңгеге ұлғайды. Қаржыны ұлғайту арқылы бірқатар маңызыды жобалардың құрылысы жүргізілді.

Туризмді дамыту мақсатында қалада бірқатар жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, Шымкенттің брендін қалыптастыру үшін қаланың логотипі қызғалдақ бейнесіне өзгертілді. Отбасылық демалуға арналған «Тұлпар» көлі маңында жеке инвестор есебінен «Жайлау көл» ойын сауық орталығы ашылды. Онда, биіктігі 50 метр  «Altyn Eye» атты дөңгелек шеңбер орнатылды.

Ауылшарушылығына тоқталып өтсек, қалада 4 мыңға жуық шаруа қожалықтары, 200-ден астам  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер жұмыс жасайды.Ауылшаруашылық саласын қолдау мақсатында «Агробизнес 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама шеңберінде көлемі 11 га құрайтын жылыжайлар ашылды (Алтынтөбе, Қайнарбұлақ, Сайрам, Жаңаталап, Мәртөбе, Ақжар тұрғын алабтарында). Оның ішінде 5,5 га өнеркәсіптік жылыжай. 200 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі ендірілді. 20 гектар жерге қарқынды бау егілді. Қаржы ұйымдарымен 825 млн.теңгеге 130 бизнес жоба қаржыландырылды.

Білім сапасын жақсарту бағытында оқушылар үлгерімін ата-анасы бақылау мақсатында 29 мектепке пилоттық жоба ретінде электрондық бақылау жүйесі енгізілді. Нақтырақ айтсақ, ата-анаға ұялы телефон арқылы баласының үлгерімі туралы СМС немесе электрондық почта арқылы хабарлама беріліп отырады.

Спортшыларымызға жағдай жасау үшін өткен жылы №12-ші спорт мектебі қайта құрудан өтіп, пайдалануға берілді. Бокстан №5-ші спорт мектебінде (ФОК) қосымша құрылыс жұмыстары басталып, осы жылдың жазында пайдалануға беріледі. Салауатты өмір салтын насихаттау үшін демеушілердің есебінен 4 жерге  «Streetworkout» спорт алаңшасы,  Түркістан көшесі бойынан Кроссфит орталығы ашылды. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-аухат қоры арқылы қаламызда Астана қаласынан кейінгі «ShymkentBike» жобасы іске асырылды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

ҚРКФ ТӨРАҒАСЫ: «ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – АДАМ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ЖҮЙЕДЕН ЖОҒАРЫ ТҰРАТЫН ЗАҢ»

Айғақ медиа
06.02.2026
0

Сәрсенбі күні, 4 ақпанда, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Сатыбалды Дәулеталиннің жетекшілігімен Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылау...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.