Балаңыз бақылауда ма? Әлеуметтік желіде не істеп отыр? Кіммен сөйлеседі, не көреді? Бәлкім ұл-қыздарыңыздың өміріне қатер төніп тұрған болар? Әлеуметтік желіні шарлап кеткен «Синий кит» («Тихи дом») ойындарына сіздің балаларыңыздың да қатысы болуы бек мүмкін. Абай болыңыз! Бұл біздің ғана емес «Отбасы және отбасылық құндылықтарды қорғау жөніндегі Қазақстандық ата-аналар ассоциациясының» да ескертпесі.
«Құрметті ата-аналар! Өз балаларыңыздың жүріс-тұрысына мән беріңіз және де ұялы телефонына қараңыз. Қазіргі уақытта «Синий кит» немесе «Тихий дом» ойындары тарап жатыр. Балаларды хат алмасу арқылы басқарып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін апарады. Абай болыңыздар», — делінген Ассоциация хабарламасында.
Қазір қолында смартфоны жоқ адам таппайсыз. ХХІ ғасырдың ең өтімді құралы осы. Әлеуметтік желілердің санына жетіп болмайды. Былай қарасаңыз бәрі жақсы. Алыстағы ағайынмен араңызды жақындатады, тіпті суреттерін күнде көріп, не істеп, не қойып жүргенін біліп отырғандықтан, оларға деген сағынышыңыз да басылып қалады. Әйтсе де мұның астарында қатердің де жатқаны анық. Әсіресе «Вконтакте» әлеуметтік желісі жастарды басты жауына айналды. Оны түсініп жатқан ата-ана мен жеткіншек жоқ. Болса да тым аз.
Жақында «ВКонтакте» желісінде жеткіншектерді «Синий кит» және «Тихий дом» ойындарына шақырған топтар мен хабарламалар пайда болды. Қолданушылардың айтуынша, ойынға кірген балалар 50 тапсырма орындауы қажет. Сорақысы сол, тапсырмалар баланың өміріне тікелей қауіп төндіреді. Яғни ойынға қатысушы қан тамырын кесіп, қолына киттің суретін салу керек. Ең соңғы тапсырмада, бала өз-өзі қол салып, өмірімен қош айтысуы тиіс. Бұл тапсырмаларды орындамай, ойыннан шығу мүмкін емес. Өйткені ұйымдастырушылар баланың психологиясына әсер ете отырып, оның туыстарын өлтіретіндігін айтып бопсалайды.
«Балалардың психикасы басқаша, үйдегі мәселелер тағы басқа. Ойынды ойнап жүріп соңында олар маған ұсыныс жасағандай жасайды. Менің ойымша көп адамдар оны істеуге қарсылық білдірген, алайда сіз сілтемені басқан уақытта олар баланың қайда тұратынын біледі. Сосын ары қарай, егер сен өзіңе қол салмасаң, біз сенің ата-анаңмен жақындарыңды өлтіреміз. Міне менің мысалым: «Егер сен өзіңе қол жұмсамасаң, біз саған көмектесеміз. Сен ойынға кірдің, шығатын жер жоқ. Сен мынадай көшеде, мынадай пәтерде тұрасың. Біз сені аңдып жүрміз. Егер ата-анаңды жақсы көрсең, әрекет ет. Әрине осы кезде баланың миы шайқалып, ол сондай әрекетке барады. Ал онымен жазысып жүрген адамның мүлдем басқа қалада тұратынын ешкімде білмейді. Өзінің мекен-жайын білетінін оқыған кішкентай баланың өмірі қиылады», — деп хабарлайды «tengrinews.kz» ақпараттық порталы.
«ҚАСЫМ-АҚПАРАТ»