• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Мамыр 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандықтардың зейнетақысы 2017 жылы қандай болмақ?

06.02.2017
0

Қазақстанда зейнетақы және әлеуметтік төлемдер мөлшерінің жыл сайынғы артуы дәстүрлі үрдіске айналды. Жаңа жылдан кейін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес көптеген қазақстандықтар зейнетақының 20 пайызға артуын күткен болатын. 2017 жылғы зейнетақы төлеміндегі жаңашылдықтар туралы Рrimeminister.kz сайтына ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова айтып берді.

Тұрақты түрде арттыру

Еске салсақ, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Үкіметіне 2017 жылы зейнетақы көлемін 2016 жылғы деңгейден 20%-ға арттыруды, сондай-ақ 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала тууына байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін 20%-ға ұлғайтуды тапсырған болатын. Бұл арттыру жалпы 2 млн 100 мың қазақстандықты қамтитынын айта кеткен жөн.

Зейнетақыны арттыру жайлы айта отырып, әлемдік экономикадағы дағдарыс құбылыстарына қарамастан Қазақстан әлеуметтік төлемдерін, оның ішінде зейнетақы мөлшерін арттыру бойынша әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда.

Зейнетақы уақытылы төленеді. Оның мөлшері, жұмыс істейтін халықтың жалақысына қарағанда, тұрақты түрде жыл сайын, оған қоса инфляция деңгейінен 2% алға кетумен артып келеді, бұл 2014 жылы қабылданған 2030 жылға дейін Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Әр жарты жыл сайын арттыру

Зейнетақыны арттыру бойынша жұмыс жоспарлы түрде, сәйкесінше бюджеттің нақты мүмкіндіктерін ескере отырып жүргізіліп келе жатқанын айта кеткен жөн.

Сонымен, ынтымақты және базалық зейнетақы төлеміне шығын 2016 жылы 1,3 трлн теңгеден астамды құрады, ағымдағы жылы олар 1,5 трлн теңгеден астамды құрайды.

«Базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 7%-ға артты, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында тағы 13%-ға артады. Жалпы алғанда бұл оның 2016 жылға қатынасы бойынша 20%-ға дейінгі өсімін қамтамасыз етеді», – деді С. Жақыпова.

Осылайша, 2016 жылы базалық зейнетақы мөлшері 11 965 теңгені құраса, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 7% артуды есепке алғанда оның мөлшері 12 802 теңгеге тең болды, ал 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 13%-ға артуды есепке алғанда 14 466 теңгені құрайды.

Вице-министр түсіндіргендей, зейнетақы мөлшерін 20%-ға дейін арттыруды есепке алғанда, базалық зейнетақыны есепке алғанда зейнетақының орташа мөлшері 2016 жылғы 55 117 теңгеден 66 676 теңгеге дейін, ең аз мөлшері – 2016 жылғы 37 789 теңгеден 45 711 теңгеге дейін артады.

«Биыл жыл басынан бастап ынтымақты зейнетақы көлемі кезекті рет 9%-ға ұлғайтылды. Келесі кезеңде – биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап – ынтымақты зейнетақы мөлшері 11%-ға арттырылатын болады, бұл 2016 жылға қатысты алғанда барлығы 20%-ға дейінгі өсімді көрсетеді. Мемлекет басшысы өзінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында осындай тапсырма берген болатын», — деді С. Жақыпова.

Вице-министрдің айтуынша, зейнетақы төлемін алушыдан қосымша құжат талап етілмейді, себебі қайта есептеу жұмыстары зейнетақы ісіндегі бар деректер негізінде жүргізіледі.

Еңбек өтіліне сәйкес қайта есептеу

Қазіргі таңда базалық зейнетақы барлық адамға еңбек өтіліне қарамастан бірдей мөлшерде тағайындалады, ал 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы тағайындаудың жаңа тәсілі енгізіледі. Сонымен қатар, зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғырту аясында әр зейнетақы алушының зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай, базалық зейнетақы мөлшері әр адамға дербес түрде қайта есептелетін болады.

«Егер азаматтың еңбек өтілі 10 және одан аз жыл болса немесе еңбек өтілі мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50%-ын құрайтын болады, және бүгінгі мөлшерге тең болады. 10 жылдан кейінгі әр жылға базалық зейнетақы мөлшері 2%-ға өседі және 35 немесе одан да көп жылға базалық зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100%-ын құрайтын болады», — деді вице-министр.

Мысалға, 20 жылдың еңбек өтілі кезінде базалық зейнетақы мөлшері  ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ын, 30 жыл — 90%-ын құрайтын болады (егер 10 жыл болса — 12 802 теңге, 20 жыл — 17 122 теңге, 35 жыл – 24 459 теңге).

С. Жақыпова бұл қазіргі және болашақ зейнеткерлерге де қатысты екенін айтып өтті.

«Осы орайда, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап барлық базалық зейнетақы алушылардың алатын базалық зейнетақы мөлшері зейнатақы алушының зейнет ісінде көрсетілген еңбек өтілі туралы мәліметтері негізінде қайта есептелетін болады. 2018 жылдың бюджетінде осы мақсатта қосымша 116,3 млрд теңге қарастырылған», — деп сөзін қорытындылады С. Жақыпова.

Вице-министрдің пікірінше, бұл бір жағынан үлкен еңбек өтілі бола тұра, кірістері туралы мәліметтің болмауы себебінен төменгі мөлшерде зейнетақы алып жүрген зейнеткерлерге әлеуметтік әділеттілік орнатуға мүмкіндік береді, екінші жағынан – қазіргі және келешек буын қызметкерлерін еңбекке қатысты міндеттерін дұрыс рәсімдеуге ынтыландырады.

ҚР Премьер-Министрдің ресми сайты.

 

p

 

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.