Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Сағынтаев жалқау министрлерді сөкті
    Жаңалықтар

    Сағынтаев жалқау министрлерді сөкті

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.02.2017174 Views

    Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев келісілмеген жұмысы үшін министрлерді сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы премьер-министр Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген үкімет отырысынан кейінгі министрлер кабинетінің отырысында мәлімдеді.

    «Мемлекет басшысы назар аударған тағы бір мәселе. Әрбір министр үкімет мүшесі ретінде өзі басшылық ететін мемлекеттік органның атынан экономика саласындағы дамуға жауапкершілік арқалайды. Әрбіріңізде шыққан әрбір проблемалық мәселелер бойынша шешім шығаруға және министр әріптестеріңізбен тиімді әрекеттестік етуге құзыреттеріңіз бар», — деп мәлімдеді премьер сенбілік үкімет отырысы барысында.

    Сағынтаев премьер-министрдің кеңсесіне ендігіде шешетін мәселе өз құзыретінде болса, министрліктер мен әкімдіктердің сұрақтары бар хаттарын қабылдамауға тапсырды. Сондай-ақ, ол ведомстволардың құзырындағы мәселелер бойынша премьер-министрдің және оның орынбасарларының деңгейінде жиналыс өткізуіне тыйым салды.

    «Әдетте былай болады. Жиналыс өткізуді сұрайды, «Белгілі бір мәселе бойынша министрлер өзара әңгімелесті ме?» деп сұрақ қоямыз, сөйтсек, «Жоқ, сөйлеспеді» деп жауап береді. Яғни министрлер бір-бірімен әңгімелесуге ерініп, вице-премьер не премьердің деңгейінде жиналыс өткізуді үкіметтен сұрайды. Бұлай болмайды. Оның үстіне енді бізде екі ғана вице-премьер қалды. Сіздердің мәселелеріңізбен айналысатын адам жоқ, өз мәселелеріміз жеткілікті. Сондықтан өздеріңіз шешіңіздер», — деп мәлімдеді Сағынтаев.

    Еске салайық, кеше, 3 ақпанда Иманғали Тасмағамбетов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.

    Материал Kaz.tengrinews.kz сайтынан алынды

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.