Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Түркиялық «OSTIM» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Түркиялық «OSTIM» индустриалды аймағының өкілдігі ашылды

    Айғақ медиаАйғақ медиа04.02.2017179 Views

    Оңтүстік Қазақстан облысы мен Түркия Республикасының индустриалды аймақтары бұдан кейін тығыз байланыста жұмыс істеп, бірлескен жобалар аясында ынтымақтастық орнатпақ. Жұмыстардың шұғыл және нәтижелі болуы үшін «Оңтүстік» индустриалды аймағының ғимаратынан Түркия Республикасының «Ostim» индустиралды аймағының өкілдігі ашылды. Мұндай шешімге 1-3 ақпан аралығында өңірімізде өткен «Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы» аясында қос мемлекеттің салалық жетекшілерінің арасында болған өзара кездесулерде түзілген меморандум аясында қол жеткізілді.

    Бұл дегеніңіз – «Оңтүстік» индустриалды аймағының жетекшілігі бұдан кейінгі жұмыстарын жүйелеп, жетілдіруде Түркияның даму тәжірибесін пайдаланатын болады. Өйткені, Анкарадағы 5200 кәсіпорынның басын біріктірген «Ostim» индустриалды аймағы 50 жылдан бері дамудың үздік тәжірибесін көрсетіп келеді.

    Аталған шетелдік индустриалды аймақтың құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Орхан Айдын бұл жұмыстардың қос мемлекет кәсіпкерлері үшін де тиімді боларына сенім білдіріп, «Оңтүстік» индустриалды аймағының да өкілдігі, яғни, бас кеңсесі Түркияның астанасынан ашылатынын жеткізді.

    Ал «Оңтүстік» индустриалды аймақтары басқарушы компаниясының бас директоры Мұхтар Тұрабековтың айтуынша, бірлескен ынтымақтастық жұмыстарының арқасында ортақ брендпен, не болмаса, жеке дара өнім шығарылып, нарыққа шығарылады.

    Айта кетейік, облысымызда шағын және орта бизнесті дамыту мен өңірімізге көптеп инвестиция тарту мақсатында ашылған 11 индустриалды аймақ жұмыс істейді. Соның бірі — «Оңтүстік» индустриалды аймағына 84 кәсіпорын кірсе, бүгінде, оның 46-сы жұмысын істеп, 2500-ға жуық тұрғынды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.