• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Желтоқсан 31, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақ елі тағы бір қайсар ұлынан айырылды

04.02.2017
0

Қазақ елі, қазақ спорты тағы бір ұлынан айырылды. Спорт шебері, қазақша және самбо күрестерінен Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы, Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Ерқанат Тәңірбергенов жол апатынан қайтыс болды. Бұл қайғылы оқиға қазақтың қабырғасын қайыстырып кетті…

Қайғылы оқиға 3 ақпанда орын алды. Өзі жетекшілік жасайтын спорт мектебінің шәкірттері бұл кезде көрші Жамбыл облысындағы жарыста бақ сынап жатады. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын азамат ауа-райының қолайсыздығына қарамастан Тараз қаласына жолға шығады. Алайда, Тараз-Ташкент тас жолының жабық болуына байланысты, көрші облысқа өте алмай, кері қайтып келе жатқан тұста, яғни Машат  асуында жол-көлік оқиғасы орын алады. Сол жерде ауыр жарақат алған Ерқанат Тәңірбергенов жан тәсілім етті. Сөйтіп, қазақтың тағы бір қайсар ұлы, абзал азамат, спорт жанашыры жарық дүниемен қош айтысты… 

Тәңірбергенов Ерқанат Рахымұлы 19 мамыр 1982 жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. 1988 жылы Түркістан қаласындағы №5 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебіне барып, 1999 жылы бітірді. Осы жылы Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 2003 жылы бітіріп шықты. Халықаралық қазақ-түрік университетінде оқып жүрумен қатар, 2001-2002 жылдары әскери кафедраның толық курсын бітіріп, запастағы офицер шенін алып,   еңбек жолын 2003 жылы Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС-де заңгер қызметінен бастайды. 2005 жылы Халықаралық қазақ-түрік университетінің құқықтану магистратурасын үздік дипломмен бітіреді. 2009 жылы Шымкент университетінің «Денешынықтыру және спорт» мамандығына түсіп, 2011 жылы денешынықтыру және спорт бакалавры дипломын алған.

2005 жылы қаңтар айынан бастап Түркістан қалалық ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісі қызметіне тағайындалады.

2008 жылы мамыр айынан 2008 жылдың қазан айына дейін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының ұйымдастыру-талдау тобының жетекші маманы болып қызмет атқарады.

2008 жылы қазан айынан 2012 жылдың наурыз айына дейін Түркістан индустриалды-педагогикалық колледжінің директоры қызметін атқарды. 2012 жылдың наурыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Түркістан қаласындағы Ә.Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарды.

Спорт шебері. Қазақша және самбо күрестерінен Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы, 2001-2003 жылдары дзюдо, самбо күрестерінен Қазақстан Республикасы универсиадасының жүлдегері, қазақша және самбо күрестерінен Қазақстан Республикасы біріншілігінің жеңімпазы, 2002-2003 жылдары самбо күресінен әлем біріншілігінің қола жүлдегері болды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының жастары арасында самбо күресі бойынша жеңімпазы атанып, 2003 жыл Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің Алғыс хаты, 2010 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының грамотасымен  марапатталды. 2011жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20жыл» мерекелік медалімен марапатталды. 2016жылы «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25жыл» мерекелік медалімен марапатталған азамат, Түркістан қалалық мәслихатының төртінші және бесінші шақырылымдарының депутаты болған.

Түркістан қаласының Құрметті азаматы, үш қыз, екі ұлдың асқар таудай әкесі, отбасының сүйеніші, ата-анасының сүйікті ұлы болған Ерқанат Тәңірбергенов мәңгілікке кете барды. «Айғақ» телеарнасының ұжымы марқұмның ата-анасы, отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Жатқан жерің, жайлы болсын!

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.