Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышева Қазақстан қоржынына Универсиада-2017-де төртінші алтын әкелді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Финалда ол 73.80 балл жинады. Екінші орынды ресейлік Анастасия Первушина, үшінші орынды – австрийлік Катарина Рамзауэр алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы Алматыдағы Универсиадада төртінші алтын медальді жеңіп алды. Сондай-ақ оның есебінде екі күміс және төрт қола награда бар.
Ақпарат көзі: ҚазТАГ