Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстікте Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы басталды
    Жаңалықтар

    Оңтүстікте Қазақстан-Түркия инвестициялық форумы басталды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.02.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Шымкентте алғаш рет бірлескен Қазақстан-Түркия инвестициялық 3 күндік форумы басталды. Өңірімізге шетелдік инвестицияларды көптеп тартуға бағытталған шараға 200-ге жуық түркиялық делегаттар мен қазақстандық 300 кәсіпкер қатысуда. Делегаттар құрамында көш бастаған Түрік Кеңесі Бас хатшысының орынбасары Омер Коджаман мен Түркия Республикасы Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі Тарык Сонмез, Анкара қаласы мэрінің кеңесшілері Рамазан Кабасакал, Мехмед Али Арслан және Сакария провинциясының сауда-өнеркәсіп палатасының басқарма төрағасы Маһмуд Косемусул және денсаулық сақтау, экономика министрлігінің өкілдері мен кәсіпкерлер сынды жауапты тұлғалар бар. Сонымен бірге, форум жұмысына ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің инвестициялар Комитетінің Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және салаға қатысты жауапты жетекшілер мен кәсіпкерлер қатысуда.

    Форумда түркиялық инвесторларға өңір экономикасы мен инвестициялық ахуалы және инвестицияларға қатысты ҚР-ның мемлекеттік бағдарламалары таныстырлады. Сондай ақ, мұнда екі жақты іскерлік топтар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, нығайтатын іскерлік бағдарлама ретінде В2В кездесулерге басымдық берілетін болады.

    Оңтүстік өңіріне арнайы келген түрік кәсіпкерлеріне алғысын білдірген өңір басшысы Ж.Түймебаев бұл форумның Елбасының кешегі «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында айтылған міндеттерді орындаудағы негізгі алғышарттардың бірі екенін атап өтіп, жиынның маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, ол Түркия Қазақстанның саяси және экономикалық тұрғыдағы ең жақын және сенімді серіктесіне айналғанын айтып, бүгінгі екі жақты кездесудің жемісті боларына сенім білдірді.

    Ақпан айының 1-3 аралығында өтетін қазақ-түрік инвестициялық форумы аясында «ОҚО-ның инвестициялық әлеуеті» тақырыбындағы конференциядан бөлек, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық жобаларының, тауар өндірушілерінің, даму институттарының және туристік жобаларының көрмесі, сонымен қатар, ОҚО-ның негізгі туристік бағыттары бойынша ақпараттық турлар өткізу жоспарлануда.

    Нақтырақ айтқанда, 2 ақпан күні «Көрме» орталығында 80-нен астам отандық тауар өндірушілері мен туризм саласының, ОҚО даму институттары мен өңірдегі инвестициялық жобалардың бірлескен көрмесі түрік кәсіпкерлерінің назарына ұсынылып, туристік саладағы B2B форматында екіжақты кездесулер өтеді. Ал 3 ақпанда түрік делегаттары «Шымкент-Отырар-Түркістан» туристік бағыты бойынша жолға шығып, тарихи жерлерге саяхаттайды деп жоспарлануда.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.