• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Желтоқсан 30, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ЖОЛДАУ: ОҚО-ға ТАРТЫЛАТЫН ИНВЕСТИЦИЯ 25 ПАЙЫЗҒА ҰЛҒАЙТЫЛМАҚ

31.01.2017
0
 Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы – алдағы мақсаттарымызды түсіндірудің ең басты құжаты болып табылады.  Бұл туралы бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев Президенттің жазбаша түрде жарыққа шыққан Жолдауы бойынша өткен облыс активінің жиынында айтты.
   «Мемлекет басшысы еліміздің бірінші жаңғыруында өз жолымызды қалай бастағынымызды және мемлекеттің іргетасын қалай қалағанымызды айтса, сол жылдары жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Бәріміз бірлесіп, елімізді алға жылжытуға бағытталған жұмыстарды атқардық. Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда – Астананың салынуымен басталды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәскекеге қабілетті 50 елдің  қатарына енді. Табысты өткен екі жаңғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Елбасымыздың Қазақстанды дамытудың үшінші жаңғыру бойынша жасаған Жолдауы әлемдік дағдарыс кезінде алға батыл қадам басуға бағыттайтын саяси құжат болып табылады», — деді әкім.  Жансейіт Қансейітұлы Президенттің осынау Жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесі мен кәсіпкерлікті дамытудың бағыт-бағдары да қамтылған атап өтті. Мәселен, қазіргі жаһандық нақты ахуалдан қалай шығу жолдары ретінде экономиканың жеделдетілген технологиясының жаңғыртылуын айтуға болады. Яғни, өңірде әрекет етіп жатқан кәсіпорындарда жаңа цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге қол жеткізу. Бұл бағытта облыста барлық жағдайлар жасалған. Атап айтқанда 11 индустриалдық аймақ құрылып және   «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ әрекет етіліп, кәсіпкерлерге қажетті барлық инфрақұрылым жеткізілген. Осы орайда, облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы өңірдегі Отандық ғылыми зерттеу институттарымен бірлесіп, жоғарғы инновациялық технологияларды қолданатын жергілікті кәсіпорындарға қолдау көрсетілу қажет.Сонымен қатар, мәжілісте әкім өңірімізде экспортқа бағытталған кәсіпорындардың санын арттыру мақсатында жергілікті тауар өндірушілердің бәсекелік қабілеттілігін жоғарлатып, өңіріміздің бүгінгі 1,1 млрд. АҚШ долларын құрайтын экспорттық айналымды 2 есеге арттыру қажеттігін міндеттеді. Сондай-ақ, аймақ басшысы Елбасының жеке және шетелдік инвестиция көлемін экономикадағы үлесін арттыру тапсырмасы бойынша облыста 14,5 пайыз көлеміндегі шетелдік инвестицияны 2020 жылға дейін 25 пайызға ұлғайту қажеттігіне тоқталды.  «Бұл үшін біздер инвесторлармен тығыз жұмыс жүргізіп, оларға тиімді жағдайларлды жасауымыз қажет. Аталған бағытта өңірімізде тиісті жұмыстар өз деңгейінде атқарылып отыр. Атап айтқанда, облыстың барлық аудандарында  инвесторлармен жұмыс істейтін арнайы мобильдык топтар құрылған»,- деп мәлімдеді Ж.Түймебаев. Президент Жолдауының орындалу барысы талқыланған жиында аймақ басшысы аграрлы өңір Оңтүстік — экономиканың жаңа драйверіне айналу біз үшін ерекше міндет екенін айтты. Яғни, облыс еліміздің көкөніс және бақша өнімдерін өндіретін басты жеткізуші болуы қажет. Бүгінгі күнге облысымызда жылыжайлардың үлесі республикада 87 пайыз көлемді құрайды, сол сияқты тамшылатып суару, интенсивті баулар бойынша да алдыңғы қатарда. Осы айтылған қарқынды көрсеткіштерді жоғарлату мақсатында, облыс диханшылары отандық алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу институттарымен тығыз жұмыс істеуі қажет. Бұл үшін біздер ұсақ шаруа қожалықтарды ірілендіріп біріктіруіміз керек»,- деді әкім.
Айтылған міндеттер мен мақсаттарды орындай отырып, Оңтүстік Қазақстанның 2025 жылға дейін жалпы өңірлік өнім көлеміндегі үлесі 9 пайыздан 15 пайызға ұлғайтылмақ.
 Айта кетейік, жалпы өңірге инвестиция тарту мақсатында Шымкентте 1-3 ақпан аралығында «Қазақ-Түрік» инвестициялық форумы өтпек. Форумның мақсаты — Түркиялық инвесторларға өңір экономикасын, инвестициялық ахуалын, инвестицияларға қатысты ҚР-ның мемлекеттік бағдарламаларын таныстыру және екі-жақты іскерлік топтар арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды жандандырып, нығайту болып табылады.
БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.