«Б» корпусының мемлекеттік қызметкерлерін аттестаттаудың маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ-ның мәжіліс залында кездесу ұйымдастырылды. ҚР-ның Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ұйытқы болуымен өткен шараға әр ауданнан азаматтар қатысты. Іс-шараның мақсаты, кешенді аттестаттаудың әрбір кезеңдерінің жүзеге асыру тәсілдерін айқындау болып табылады. Тестілеудің нәтижесі әрбір мемлекеттік қызметкердің кәсіби дайындығымен басқарушылық қабілеттірін айқындайды. Атестаттау бағалау парағын толтыру, жеке құзыреттілігі бойынша тестілеу, әңгімелесу кезеңдерінен тұрады. Бұл кезеңдердің қорытындысы бойынша аттестаттаудың комиссиясы нақты шешім қабылдайды, әр кезеңді өз деңгейінде өткізу өте маңызды.
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ
Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...










