Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-ға саяхаттаушылар саны 30 пайызға артқан
    Жаңалықтар

    ОҚО-ға саяхаттаушылар саны 30 пайызға артқан

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа31.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ОҚО Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасы басшысының орынбасары Алмат Сүюбаев айтты. Сонымен бірге, баспасөз жиынына «Ontustik Tourism Center» туристік-ақпараттық орталығы КММ-нің басшысының міндетін атқарушы Жасұлан Түлебеков және «Шымтур» туристік ұйымының басшысы Лейла Бисекенова қатысты.
    Басшы орынбасарының мәліметінше, өткен 2016 жылы аймақтағы орналастыру орындары — қонақ үйлер мен лагерьлерде, демалыс орындарында аялдаған туристердің саны 142 мың адамға жуықтап, 2015 жылмен салыстырғанда 33 мың адамға (30,4 пайызға көбейген) өсті. Сәйкесінше, саяхатшылардың тұрақтау орындары да көбейген. Мәселен, былтыр Оңтүстіктегі орналастыру орындарының саны 167-і болып, 2015 жылмен салыстырғанда 27,4 пайызға артып отыр. Сондай-ақ, былтыр аталған қызмет көрсету орындарымен көрсетілген қызмет көлемінің қаржысы 2 млрд. теңгеге (1 991 303,6 мың тң.) жуықтап, 2015 жылмен салыстырғанда (1 408 972,4 мың тң.) 41,3 пайызға көбейген.
    «2016 жылы өңірдің туристік танымалдығын арттыру мақсатында «The Heart of the Silk Way» («Жібек жолының жүрегі») туристік бренді әзірленді. Сонымен қатар, «Ontustik Tourism Center» Туристік ақпараттық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Онда «Бір терезе» қағидасы бойынша жергілікті тұрғындарға және шет елдік туристерге қызмет көрсетілуде. Мысалы, 2016 жылы Орталық туристік бизнес өкілдеріне және гидтерге арналған ағылшын тілін білу деңгейін жоғарылату, туризм бойынша менеджмент стандарттары, мейрамхана бизнесі және маркетинг, қонақ үй бизнесі және басқару, гид-экскурсоводтардың қызметі сынды тақырыптарда семинар-тренингтер өткізді», — деді А.Сүюбаев.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.