Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да имамдарды медресе-колледждер дайындайды
    Жаңалықтар

    ОҚО-да имамдарды медресе-колледждер дайындайды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа30.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлымен кездесті. Жүздесу барысында өңіріміздегі діни ахуал мен татулық пен келісім, рухани-өнегелі тәрбие берудің маңызды мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар кездесуде облысымыздағы діни білім берудің жайы қозғалды. Өңір басшысы имамдық корпустың жоғары білікті кадрларын даярлау және өңіріміздегі теологиялық білім беру жүйесін жетілдіруде медресе-колледждердің маңыздылығына тоқталды.

    «Бүгінде облысымызда 800-ге жуық мешіт бар. Оларда қызмет етіп жатқан  имамдардың білімі мен біліктілігіне аса мән берген жөн. Имам тек мешіттің ішінде ғана жауапты емес. Ол тұтас бір ұлттың, мәдениеттің, руханияттың алдында жауапты тұлға.  Сондықтан ауылды жерлердегі мешіттерді білікті діни қызметкерлермен қамтамасыз ету қажет.  Ең бастысы — бұл салаға мейлінше мұқият талдау жүргізіп, аса ұқыптылықпен жұмыс істеген абзал» ,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

    Қазіргі таңда имамдар даярлау ісімен Шымкент пен Сарыағаштағы медресе-колледждер айналысады. Аталған оқу орындары  имамдардың діни танымын арттырып, саяси және моральдық тұрғыдан барынша жетілуіне күш салып келеді. Бұл мақсатқа 2016 жылы облыс бюджеті есебінен қаржы бағытталып,  175 грант бөлінген.

    «Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі діни салаға аса қамқорлықпен қолдау білдіріп отыр.  Осының арқасында екі медресеміз мемлекеттік лицензияға қол жеткізіп, колледж ретінде тіркелді. Осы және өзге де бағыттағы бірлескен жұмыстарымыз жемісті боларына сенімдімін»,- деді еліміздің бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы.

    Сондай-ақ кездесуде  өзге де жат ағымдардың  жұмысына талдау жасап, үгіт-насихат шараларының алдын алып,  назарда ұстап отыру мәселесі де сөз болды.

    Өз кезегінде Бас мүфти мұсылмандардың рухани қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру және деструктивті діни ағымдардың таралуына жол бермеу мақсатында қоғаммен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін сөз етті. Бұл ретте ол  негізгі міндет білікті имамдар мен облыстық дін істері басқармасының мамандарына жүктеліп отырғанын атап өтті.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.