• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қараша 10, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстік Қазақстанда Универсиада алауы жағылды

28.01.2017
0

Бүгін оңтүстікқазақстандықтар Бүкіләлемдік 28 қысқы «Универсиада-2017» алау эстафетасын қабылдады.16178443_1194247450691592_669012864356566126_oШымкент қаласының Әл-Фараби алаңында  «Алау эстафетасының»  салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев барша жұртшылық пен спорт сүйер қауымды Тәуелсіз қазақстанның тарихында тұңғыш рет өтіп жатқан Дүниежүзілік қысқы студенттер ойынымен және «Алау эстафетасының» келуімен құттықтады.16251896_1194247487358255_7335783084501607934_o«Бізге ең ауқымды халықаралық спорт оқиғаларының бірі – 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың белсенді қатысушылары болу бақыты бұйырды. Өз егемендігінің 25 жылында әлем таңданатын елге айналу Елбасының ерен еңбегі екендігі анық. Тұңғыш Президентіміздің Қазақ мемлекетін халықаралық қауымдастықтың алдында сенімді серік, айнымас әріптеске айналдыра білді»,-деді әкім.

Еліміздің намысын қорғайтын спортшылардың ішінде оңтүстікқазақстандық 5 спортшы бар. Олар фристайл спорт түрінен Алдабергенова Жанбота, Арапбаева Жібек, Қалмұрзаева Ақмаржан, Іңкәрбек Бағлан, Мұхамеджанов Дархан сияқты спортшылар. Жерлестерімізге барлығымыз қолдау білдіре отырып, сәттілік, ал қала тұрғындары мен қонақтарына қызықты спорттық мереке тілейміз,- деді алауға қатысушылар.16251644_1194247420691595_2336024191484323431_oУниверсиада Алауын облыс әкімі Ж.Түймебаев жағып, біршама қашықтықта  алып жүрген соң, ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері,  «Құрмет» орденінің иегері Әлия Юсуповаға табыстады.16252513_1194247424024928_3817178345409290431_oУниверсиада алауын Әлемге белгілі спортшыларымыз бен 12 жоғарғы оқу орнының студенттерінен құралған жалпы 60 алаугер Шымкент қаласының басты көшелерімен яғни, 12 шақырым жолды басып өтпек. Екі кезеңнен өтетін эстафета «Наурыз» алаңында мәреге жетеді. Жалпы шараға оңтүстікқазақстандық 6 мың адам қатысты.

Алаугерлердің қатарында ауыр атлетикадан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері, Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері Жазира Жаппарқұл, көркем гимнастикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, бірнеше халықаралық жарыстардың жеңімпазы, Рио Олимпиадасының ең жас қатысушысы Сәбина Әшірбаева, каратэ-додан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2016 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионы Қайсар Алпысбай, бокстан  халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР бірнеше дүркін чемпионы, 2014 жылғы жастар арасындағы Әлем чемпионы Шалқар Айхымбай, кикбоксингтен ҚР спорт шебері, Әлемнің 2 дүркін чемпионы Асли Азизова сынды  үздіктер бар. Сонымен бірге, Әлемге белгілі спортшыларымыз, ҚР еңбегі сіңген спорт шеберлері Мұхтархан Ділдәбеков, Мырзағали Айтжанов, Әлия Юсупова, Андрей Макаров, Біржан Жақыпов, Мұратбек Қыпшақбаевтар да алаугерлердің қатарында.16299902_1194247417358262_166785118580211514_oАлаугерлермен бірге бүгінде жасы 80-нен асқан спорт ардагері, КСРО-ның спорт шебері, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, ҚР балалар футбол қауымдастығының Құрметті төрағасы, облыстың Құрметті азаматы Махамбет Баймырзаұлы Сапарбаев та жүр.

2017 жылдың 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы қаласында егеменді Қазақстанда XXVIII Бүкіләлемдік қысқы студенттік ойындар өтеді. Аталған жарысқа 50 елден 5000-нан астам студенттер қатысады деп күтілуде.

Универсиада Қазақстан Республикасының ұлттық жобасы және еліміздің 25 жылдық тарихындағы ең ірі мультиспорттық іс-шара болып табылады. Универсиадаға Қазақстан спорттың 13 түрінен қатысады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ

Айғақ медиа
07.11.2025
0

 Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.