Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымовтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті мәжілісінде қаланың 2016 ж. әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2017 ж. негізгі міндеттері және азаматтардың арыз-шағымдарын қараудың жағдайы туралы мәселе қаралды.
2016 ж. қаламызда өнеркәсіп өнімінің көлемі 326,9 млрд.теңгені құрап, нақты көлем индексі 4% артты. Өңірлерді дамыту бағдарламасының шеңберінде 3 777 пәтерлі 64 тұрғын үйдің және 68 пәтерлі 2 жатақхананың құрылысы жүргізіліп, жыл соңына 1302 пәтерлі 35 тұрғын үй және 68 пәтерлі 2 жатақхана пайдалануға берілді. Қалған 27 тұрғын үйдің құрылысы қаржыландыру жоспарына сәйкес 2017 жылға өтпелі, — деді К.Жанбосынов.
Өз кезегінде, «Фронт-офис» ашылған 3 ай мерзімінде 32 мыңнан аса қызмет көрсетілді. Қазіргі таңда, түрлі мәселелер бойынша күнделікті шамамен 260-270 азамат қызмет көрсетіліп, бір күнде шамамен 245 арыз-шағым өтініштер тіркеліп отырады. Күнделікті тіркелген арыз-шағым, өтініштер орындау үшін күн сайын тиісті аудан және бөлімдерге курьерлық қызмет арқылы жеткізіледі.
Айта кетерлігі, аталған мекемеде тұрғындар үшін тегін (ксерокопия) қызметі жолға қойылған. Бұл құжат рәсімдеуге келген азаматтардың көңілінен шығып отыр.
Шымкент қаласы әкімінің ресми сайты