• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Қараша 7, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Түркістан Түркі әлемінің тұтастығын тереңдетеді

24.01.2017
0
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына үш жақты қол қою рәсімі өтті. Шараға өңір басшысы Жансейіт Түймебаев пен ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті директорының міндетін атқарушы Алмаз Нұразхан қатысты.
Өткен жылдың 1 желтоқсанында Әзірбайжанның Шеки қаласында ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысы өткен болатын. Аталған жиынға ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрліктері, мәдениет қайраткерлері, сондай-ақ Түркі Кеңесі, Түркітілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясы, Халықаралық Түркі Академиясы, Түркі мәдени мирас қоры секілді халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Халықаралық кеңесте Қазақстан Республикасының Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданды.
«Елімізде алдымен Астана қаласының, енді ер түріктің бесігі болған Түркістан шаһарының осындай марапатқа ие болуы еліміз үшін үлкен мәртебе, үлкен құрмет. Бұл – бізге мәдениетімізді, әдебетімізді, ұлттық өнерімізді әлемге танытуға берілген үлкен мүмкіндік» деген Жансейіт Қансейітұлы ТҮРКСОЙ ұйымына алғысын білдірді. Оңтүстікқазақстандықтарды ауқымды іс-шараға атсалысуға шақырып, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында ұйымдастырылатын халықаралық іс-шаралар барысын баяндады.
Наурыз айынан бастап Түркістан қаласында аталған шараның салтанатты ашылуы мен ТҮРКСОЙ Баспасөз сыйлығын тапсыру рәсімі,  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз тойы мерекеленіп, түркітілдес ұлттар арасындағы бауырластық байланыстар мен достықты, түркілік мәдениет пен өнерді ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, оны әлемге таныту мақсатында  түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Атап айтқанда, түбі түркі тілдес халықтар театр, опера, цирк, би, сатира, дәстүрлі өнер және анимациялық фильмдердің фестивалі өткізіледі.  Сонымен қатар, ақындар айтысы, «Ұлы дала сазы» атты дәстүрлі музыка фестивальі, түркі мемлекеттері әйелдерінің форумы, суретшілердің кездесуі, қолөнер шеберлерінің фестивалі, әдеби журналдары редакторларының конгресі, ақын-жазушылармен кездесулер өткізіліп, кітап көрмелері сынды көптеген игі іс-шаралар өткізіледі.
Мәңгілік Ел идеясын ұстанған Ұлы дала Елінің шаһары, Түркі елдерінің мәдени астанасы атанған Түркістан осы серпінді жоба аясында төрткүл дүниеге танылып, туристердің көп шоғырланатын аймағына айналады.
Үш жақты меморандумға қол қойылғаннан кейін басшылар брифинг өткізіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу2TweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.