Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Шымкентте 2 электр станциясының құрылысы жүруде
    Жаңалықтар

    Шымкентте 2 электр станциясының құрылысы жүруде

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.01.2017Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым хабарлады.
       Спикердің мәлімдеуінше, облыс тұрғындарын сапалы электр қуатымен  қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылы облыстық бюджеттен 5,534 млрд. теңге  бөлініп,  22 нысанның құрылысы жүргізілді. Нәтижесінде, 585,8  шақырым электр желілері мен 233 дана КТП орнатылып, 72 мың тұрғын тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылған.
       «Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде 350 мың халық пен әлеуметтік нысандарды сапалы электр қуатымен қамту мақсатында құны 6,7 млрд. теңгені құрайтын 220 киловольттық «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, 2016 жылы Шымкент қаласында 80 мың халықты қамтитын 110 киловольттық «Астана-1,2» қосалқы станциясының құрылысы басталды»,-деді басқарма басшысы.
       Баспасөз мәслихатында белгілі болғандай «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-нің инвестициясы есебінен 4,86 млрд. теңгеге 610,9 шақырым электр желілері мен 108 дана қондырғыларға қайта құру және жаңарту жұмыстары жүргізілген.   Осылайша, электр жүйелерінің тозығы жетуі 57,5 пайыздан   55 пайызға төмендеп отыр.
      Брифингте 2017 жылы атқарылатын жұмыстарымен бөліскен басқарма басшысы тұрғындарды сапалы электр қуатымен  қамтамасыз ету мақсатында 38 нысанның құрылысын жүргізу жоспарланғанын атап өтті. Яғни, 982,64  шақырым электр желілері, 396 дана КТП орнатылып, 74 мың тұрғын тұрақты, сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.