Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да 49 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты
    Жаңалықтар

    ОҚО-да 49 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа19.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    2016 жылы Oңтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп саласында 777 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Бұл республикадағы ең жоғарғы 3-көрсеткіш. Өңірдің жалпы әлеуметтік экономикалық дамуы аясында атқарылған жұмыстар туралы облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте баяндады.

    – Былтыр Оңтүстікте индустриаландыру бағдарламасы бойынша  9,3 млрд. теңгені құрайтын 19 жобаны іске қосылды. Нәтижесінде 800-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы аталған мемлекеттік бағдарлама басталғалы облысымызда 230 млрд-тан астам теңге жұмсалған 159 жоба жүзеге асты. Нәтижесінде 13 500 жұмыс орны пайда болып, аталған кәсіпорындар 270 млрд-тан астам теңгенің өнімін шығарды, – деді Ербол Әбілхайырұлы.

    Өңірде жұмыс істеп тұрған 173800 шағын және орта кәсіпкерлік бар. Олар 325 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Осынша жұмыс күшімен өткен жылдың 9 айындағы өндірілген өнім көлемі 627,6 млрд. теңгені құрады. Ал, ауыл шаруашылығындағы табыс 445 млрд. теңгеге жетті.

    2016 жылы негізгі қорға 380 миллиард 600 миллион теңге инвестиция бағытталды. Инвестициялық салымдардың 245 млрд теңгесі шағын кәсіпорындардың үлесінде.

    Оңтүстікте құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Былтыр 529,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19%-ға артық. Тұрғындарды жаңа қоныспен қамту бойынша облыс елімізде Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейінгі 4-орынды иемденді.

    Облыс бюджетінің көлемі 575,8 млрд. теңгені құрады.

    «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 16 млрд 900 млн теңге игеріліп, нәтижесінде 72 мың 200 адам қамтылды. Ал, 2015 жылы 5 млрд 4 млн теңге игерілген болатын.

    Былтыр 2088 азаматқа 5 млрд 7 млн теңге шағын несие берілді. 2102 адам кәсіби оқуға жіберілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 4972 адам жолданып, оның 94,4%-ы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

    Жастар практикасымен барған 5135 адамның 75,8% тұрақты жұмыспен қамтылды.

    2016 жылы 49 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасты.

    «Балапан» бағдарламасы бойынша 8-і мемлекеттік, 118-і жекеменшік балабақша ашылып, бір мемлекеттік шағын орталық іске қосылды. Нәтижесінде, бір жылда 12730 бала балабақашамен қамтылып, мектепке дейінгі ұйымдардың жалпы саны 1651-ге жетті.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.