Бүгін, Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың 2016 жылда атқарылған жұмыстарының қортындысы бойынша халық алдында есебі тыңдалды. Ауданда Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында мемлекеттік талаптар сақталып, тиісті тапсырмалар орындалған. Мәселен, құжат айналымы туралы, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі бойынша заңнын талаптарына сәйкес өткен жылы облыс әкімдігі тарапынан берілген нақты тапсырмалардың саны 43 болса, қала әкімдігінің берген тапсырмасы 55-ті құраған. Бүгінде, жыл қортындысына сәйкес барлық берілген тапсырма әкімдік тарапынан қарауға алынып, орындалған. Елбасы Н. Назарбаевтың «тәртіпсіздікке нөлдік төзімділік» тапсырмасын басшылыққа алып аудан әкімі аппаратының іс –шара жоспарына сәйкес аудандағы ретсіз орналасқан сауда орындарын жою және көшелердің тазалығымен көріктендіру жұмыстарын зерделеу мақсатында 97 рейттік шаралар ұйымдастырған. Нәтижесінде, 159 бірдей жабайы сауда орындары жойылып, құрылыс материалдарын сататын 35 сауда орындары ретке келтірілген. Жыл бойына атқарылған жұмыстарды кең көлемде тұрғындар алдында баяндап өткен Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясов 2017 жылғы жоспарларымен де бөлісіп өтті.
ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...










