Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысты жаңа форматта бастаймыз
    Жаңалықтар

    Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ: Нақты нәтижеге қол жеткізу үшін жұмысты жаңа форматта бастаймыз

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа13.01.2017Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев аудан, қала әкімдері және басқарма басшыларымен жиын өткізді. Онда атқарылған жұмыстар қорытындыланып, осы жылғы жоспарлар пысықталды.

    2017 жылы жұмысты жаңа форматта жүргізу қажеттігін айтқан аймақ басшысы нақты жоспар – нақты нәтиже бағытында жұмыс істеуді міндеттеді.

             Яғни, берілген тапсырмалардың орындаушылық тәртіп деңгейін көтеруді, қарапайым халықтың мұң-мұқтажын тыңдап тиісті шара қабылдауды атап өтті.

             Сонымен қатар, жиында өңірдегі әрбір ауданды жекелей дамыту үшін  жасалып жатқан 2017 жылға арналған даму концепциясы сөз болды.

             Келесі аптадан бастап аудан, қала әкімдері мен  басқарма басшыларының 2016 жылы атқарған жұмыс есептері мен даму концепцияларын тыңдайтынын айтқан әкім даму құжаты дұрыс әзірленбеген жағдайда шара көрілетінін ескертті.

             «Бұл концепция әрбір басқарма басшысының және аудан, қала әкімінің күнделікті өз саласындағы немесе өңіріндегі  жетістіктерді бағалайтын басты құралы және әдістемелік нұсқауы болуы тиіс. Әрбір ауданды жекелей дамыту үшін жасалып жатқан құжатта халықтың әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру және денсаулық сақтау мен коммуналдық, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылық сынды салаларында кездесетін өзекті мәселерді толық шешуге бағытталып жасалу қажет»,-деді Ж.Түймебаев.

    Сонымен қатар, аймақ басшысы өткен жылы облыста орын алған  кемшіліктерді болдырмау мақсатында бірқатар жүйелі шараларды атқаруды тапсырды. Мәселен, кенеден залалсыздандыру жұмыстарына қажетті дәрі дәрмектерді ақпан айынан кешіктірмей сатып алып, залалсыздандыру жұмыстарын наурыз айында аяқтауды. Құтыру ауруының алдын алу мақсатында, аудан, қалаларда қаңғыбас иттерді және мысықтарды ату жұмыстарын сапалы жүргізуді. Және шегірткеден залалсыздандыру жұмыстарын мерзімінде әрі сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді. Көктемгі су тасқыны жағдайларын алдын-алу шараларын қабылдап, көктемгі дала жұмыстарын сапалы жүзеге асыру үшін МТС-тарды мерзімінде құруды. Сондай-ақ, егіншілерге жеңілдетілген жанар-жағармайды уақытында жеткізілуін қамтамасыз етуді қатаң түрде тапсырды.

    Мәжілісті қорытындылаған өңір басшысы аталған тапсырмаларды жүзеге асыруда нақты нәтижелерге қол жеткізу бағытында жұмысты жиынның басында айтқандай жаңа форматта атқаруды бастайтынын айтты.

     

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.