• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Мамыр 23, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Кентау қаласына 9 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді

12.01.2017
0

2017 жылға Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық  жағдайын арттыру мақсатында республикалық және облыстық бюджеттен 9 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Бұл туралы өндірісі дамыған шаһарға арнайы іссапармен барған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді.

Өңір басшысы алдымен қаладағы №5 Жылу орталығында болып, қысқы маусымдағы жылу беру жұмыстарымен танысты. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және қосымша электроэнергия өндірумен айналысатын мемлекеттік мекеме 326 көпқабатты тұрғын үй, 2010 жеке үй, 350 коммерциялық нысан және 92 бюджеттік мекемені жылумен қамтамасыз етеді.     Мұнда 397 адам жұмыс істейді.

Ж.Түймебаев бұдан кейін елімізде электромотор, генератор және трансформатордың 400-ден астам түрін шығаратын Кентау трансформатор зауытын аралап көрді. Кәсіпорын қазіргі таңда шығарып жатқан өнімінің 45 пайызын Орталық Азия елдеріне шығарады. Мемлекет қолдауымен өндірістің қуаттылығы артып, жаңа заманауи технологиялар өндіріліп жатыр. Жоғары кернеулі трансформатор құрастыруға қол жеткізген зауыт өнімдерінің 40 пайызы шет елдерге экспортталуда.

Келесі кезекте облыс басшысы барған Кентау қаласының индустриялды аймағында бүгінде жалпы құны 1878,5 млн. теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асыру қолға алынған. 4,85 га жер теліміне орналасқан «ЮгЭлектроПривод», «Электродеталь», «Бесқасқа» жауапкершілігі шектеулі серіктестері мен «Е.Ауэзов», «Кенмед» жеке кәсіпкерліктерінде 125 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Сонымен қатар облыс әкімі Жастарға қызмет көрсету орталығы орталығында болып, қалалық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарымен танысты.  Мұнда «Жайдарман» КВН лигасымен бірге би, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі үйірмелері, «ОҚЫ» кіші кітапханасы жұмыс істейді. Орталықта жастарға психологиялық және құқықтық кеңес беретін психологтар мен заңгер кеңесшілер де бар.

Іссапар соңында Ж.Түймебаевтың төрағалығымен Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық даму жағдайы бойынша мәжіліс өтті. Өзекті мәлелелер талқыланған жиында шаһар басшысы Ә.Мақұлбаев пен оның орынбасарларының есеп берді.

Облыс әкімі  шаhардағы нысандарды аралау барысында көптеген проблемалардың бар екендігіне көз  жеткізгендігін айтып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету бағытындағы бірқатар индикаторлық көрсеткіштер орындалмай отырғандығын алға тартты.

«Былтыр жоспарланған,  жалпы сомасы  900 млн. теңгені  құрайтын 3  жобаның бірде біреуі  индустрияландыру  картасына енгізілмеген. «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша қаржыландырылуын ұйымдастыру жоспарланған 18 жобаның 12-і  бойынша  мәселе шешілмеген. Бұл бағыттағы  жұмыстар тиісті деңгейде жүргізілмей отыр»-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Өндірісі дамыған  қалада 2015 жылмен салыстырғанда былтыр негізгі капиталға  бағытталған инвестиция көлемі 6,9 млрд. теңгеден 5,8 млрд. теңгеге кеміген. Бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру керектігі айтылды. Жұмыспен қамту, денсаулық сақтау салаларындағы жұмыстарды жүйелеп, жетілдіру жүктелді. Қала тазалығына баса мән беру, көпқабатты үйлердің аулаларын, кіреберістерін және инфрақұрылымын реттеу кезек күттірмейтін мәселелер екені айтылды. Тұралап қалған кен өндіру өндірісін қайта жандандыру мүмкіндігін қарастырып, кеншілерді жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту міндеттелді.

Облыс әкімі жиын соңында 2017 жылға Кентау қаласының әлеуметтік экономикалық  жағдайын арттыру мақсатында республика, облыс тарапынан 9 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінгенін жеткізді.

– Аталған қаржы ел игілігіне жарап, Кентау қаласының дамуына  серпін береді деп сенемін, – деді Жансейіт Қансейітұлы.

Аталған қаржының  400 млн. теңгесі  қаладағы 5 қабатты 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысына жұмсалады. 103 млн. теңгесі білім беру саласына қарастырылған. Оның 100 млн. теңгесі Кентау көпсалалы колледжінің 300 орындық жатақхана құрылысын бастауға бөлінді. 541 млн. теңге шаһардың тозығы жеткен ауыз су жүйелерін қайта құру мақсатында 2 нысанның құрылысына, 400 млн. теңге Қарнақ елді мекендегі су құбырларын тартуға бағытталады. 229 млн. теңге «Болашақ», «Батыс», «Жұлдыз» шағынаудандарының инженерлік инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға, 195 млн. теңге Бейнеу-Бозай газ құбырынан Кентау қаласын табиғи газ жеткізу мақсатында №14 автоматты газ реттеуші стансасының құрылысын аяқтауға жұмсалады. Сонымен қатар, елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету үшін 5 нысанның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 103 млн. теңге қарастырылуда. Нәтижесінде, Кентау қаласы мен 7 елді мекендегі  89 мың халық табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Бөлісу15TweetPin

Ұқсас жазбалар

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Я ПОГИБ ПОД РЖЕВОМ

Айғақ медиа
05.05.2025
0

      Ранней весной 2013 года в мой адрес поступил звонок от  президента  ТРК «Айгак»  Абиш Дулатбека Назарбековича с...

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

ЖАТ ҚЫЛЫҚ ЖАРҒА ЖЫҒАР

Айғақ медиа
11.04.2025
0

Суицид, нашақорлық және діни экстремизм қазіргі қоғам дерті. Аталған мәселелердің алдын алу үшін Сайрам ауданы прокуратурасының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасында...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА ӨСІМДІК МАЙЫ ӨНДІРІСІ 26%-ҒА АРТТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

2024 жылы майлы дақылдар алқабы 2,9 млн га дейін жеткізілді. Майлы дақылдар егістіктерінің ең көп алқаптары Солтүстік Қазақстан (жалпы егіс...

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

ҚАЗАҚСТАНДА «УЫЛДЫРЫҚ ШАШУ» КЕҢ АУҚЫМДЫ БАЛЫҚ ҚОРҒАУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Көктемгі-жазғы кезеңде Қазақстанда табиғи өсімін молайту кезеңінде су биоресурстарын сақтауға бағытталған «Уылдырық шашу» дәстүрлі балық қорғау акциясы өткізілетін болады. Өңірлік...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ҚР АШМ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ БЕРГЕН ТАПСЫРМАЛАРЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУДА

Айғақ медиа
25.03.2025
0

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтайда айтылған тапсырмаларын орындау үшін ведомство қабылдайтын шаралар туралы...

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ ШЫҢҒЫС ӘРІНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

ФАО ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ВЕТЕРИНАРЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАҒДАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
25.03.2025
0

БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өкілдері бруцеллезді бақылауды техникалық қолдау және ветеринариялық бақылауды нығайту жөніндегі миссия шеңберінде Қазақстанға...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.