• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Шілде 17, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Шымкент қаласында тағы бір зауыт іске қосылды

11.01.2017
0

Шымкент қаласы тағы бір серпінді кәсіпорынмен толықты. Яғни «Тассай» индустриалды аймағында Қазақстандағы ерекше жобалардың бірі болып табылатын «Мега Смарт» зауыты өз жұмысын бастады. Жиһаз өнімдеріне қажетті жылтыр түрлі-түсті тақталар мен жылына 5 мың дана жиһаз түрлерін құрастырумен айналысатын бұл жоба 69 азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Заманауи технологиялармен жабдықталып өз өнімдерін бірқатар көршілес мемлекеттерге де шығаруды жоспарлап отырған кәсіпорынға арнайы келген облыс әкімі зауыттың лентасын қиып ұжымның алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

11_01_abay-00_01_14_11-still001

«Тассай» индустриалды аймағында жүзеге асырылған серпінді жобалардың бірі «Мега Смарт» зауытының жалпы жобалық құны 545 млн тенгені құрайды. Өңіріміздегі тіпті еліміз бойынша бірегей мүмкіндіктерге ие өндіріс орнына арнайы келген аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев бұл жобаның маңыздылығына тоқталды.

«Аумағы 89 га құрайтын «Тассай» индустриалды аймағында 24 инвестициялық жоба қолға алынуда. Солардың бірі – «Мега Смарт» ЖШС-ның МДФ жылтыр плитасын және жиһаз шығаратын зауыты. Осы жоба бойынша облысқа 545 млн.теңге инвестиция тартылып, 69 адам тұрақты жұмыспен қамтылды» – деді Жансейіт Қансейітұлы.

11_01_abay-00_02_12_08-still003

Айта кету керек бұл кешендегі алғашқы цехта жиһаз өнімдерін жасауға қолданылатын жылтыр  тақталар дайындалады. Яғни заманауи үлгідегі Оңтүстік Корея елінің технологияларымен жабдықталған өндіріс орнының бұл бөлігінде жиһаз тақтайшалары әсем жапсырмалармен қапталса, кәсіпорынға қажетті шикізат толықтай Мақтаарал ауданынан жеткізіледі.

Сонымен бірге зауытта жылына 5 мыңға тарта жиһаз түрлерін құрастырумен айналысатын цех жұмыс жасайды. Кішкентай бүлдіршіндерге арналған үстел орындықтарынан бастап, асхана жиһаздары, мектеп парталары мен кеңсеге арналған сапалы жиһаз өнімдерінің түр- түрі осы жерде дайындалады.  Ал бұл жұмыстар бойынша кәсіпорында  қазіргі таңда жалпы саны  69 адам еңбек етуде. Алдағы уақытта зауыттан шығарылып жатқан өнімдер жергілікті нарықтан өзге Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елдеріне де экспортталатын болады.

11_01_abay-00_00_02_04-still002

Заманауи мүмкіндіктерге ие зауыт өнімдерінің  сапасын жоғары бағалаған аймақ басшысы жергілікті кәсіпорын жиһаздарын отандық нарыққа да кеңінен таныстыру қажеттігін тапсырды. Айта кету керек бұл бағытта жаңа өндірістің қазіргі таңда Алматы Қызылорда, Қостанай және Павлодар қалаларында арнайы өкілдіктері жұмыс жасаса, алдағы уақытта өкілдіктерді еліміздің барлық облыстарынан ашу жоспарланып отыр екен.

Бөлісу12TweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

“ЭКО ШИНА” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қазақстанда қалдықтарды басқару жүйесі жаңа деңгейге көтерілуде. Бұл бастамаға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы негіз болды. 2024 жылғы ақпанда өткен...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы ұйымдастырылады. Шараның мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң...

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

ЖАҢА МЕКЕН — ЖАҢА МҮМКІНДІК

Айғақ медиа
17.07.2025
0

Оңтүстіктен – Солтүстікке. Жұмыс күші тапшы өңірлерге қоныс аудару бағдарламасы жалғасуда. Еліміздің оңтүстігінен тағы бір топ отбасы Солтүстік Қазақстан және...

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

ТӘРБИЕГЕ ЖОЛ БАСТАҒАН АНИМАЦИЯЛЫҚ ФИЛЬМ

Айғақ медиа
17.07.2025
0

               Қаламызда «Тоқты мен Серке» толық метражды анимациялық фильмінің тұсаукесері өтті. «Сақ» киностудиясы мен...

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

ЖАҢА МЕКЕНДЕГІ МҮМКІНДІКТЕР

Айғақ медиа
17.07.2025
0

  Түркістан облысында «Солтүстік көш» бағдарламасы жүйелі түрде жүзеге асуда. Биыл Шымкент, Сарыағаш және Жетісай аудандарынан 30 азамат Шығыс Қазақстан...

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАР НАЗАРДА

Айғақ медиа
17.07.2025
0

   Мәжіліс депутаты Шымкентке жасаған сапары аясында жеке қайырымдылық ұйымының жұмысымен танысты. «Өркен» сөйлеуді дамыту орталығының өкілдерімен кездесуде әлеуметтік көмек...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.