• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Мамыр 30, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жансейіт Түймебаев «Жыл үздіктерін» марапаттады

30.12.2016
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында жыл қорытындысы бойынша әр салада жемісті еңбек еткен, халыққа сапалы қызмет көрсетуде абырой биігінен көрінген азаматтарға «Жыл үздігі» номинациясы табысталды.

Жиынға қатысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев жыл бойы атқарған істі бағалап, сол жолда жемісті еңбек еткен азаматтар мен еңбек ұжымдарын 52 аталым бойынша марапаттап, құттықтады.

«Дана халқымыздың «Ел мерейі – ер мерейі» деген сөзі бар. Өзінің туып-өскен жері үшін, елі үшін еңбек еткен әр адамның еңбегі еленуі тиіс. Халық тарапынан бағасын алуы керек. Бұл біздің елдігімізді көрсететін дүние. Елбасымыз Жолдауларында үнемі еңбектің мәртебесін көтеруге баса назар аударып отырады. Еңбек адамның беделін асқақтатуға, адал еңбектің нәтижесін көруіне аса зор мән береді»,-деді әкім өз құттықтауында.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, облыс әкімінің «Жылдың ең үздік әні» арнайы номинациясы тағайындалды. Аталған номинациямен биылғы өткізілген іс-шараларда ең көп орындалған «Тәуелсіздік» және «Мәңгілік ел үшін» әнінің авторлары композитор  Айжігіт Асанов, сөзін жазғандар  Саттар Қуашбаев және Базарбек Түкібаевтар марапатталды.

Салтанатты жиын театрландырылған көріністер мен концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Мерекелік шара барысында келесі номинациялар бойынша өз саласының шеберлері құрметтелді.

  • «Жылдың үздік мәдениет және өнер мекемесі» — «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;
  • «Жылдың үздік композиторы» — Әлімбай  Түгелбайұлы Ботақараев;
  • «Жылдың үздік көркемөнерпаздар ұжымы» — «Отырар» халық театры;
  • «Жылдың үздік әртісі» — Галина Александровна Петриченко;
  • «Жылдың үздік әншісі» — Диана Равильевна Хашимханова;
  • «Жылдың үздік ақыны» – Рахым Базаргелдіұлы Балабиев;
  • «Жылдың үздік жазушысы» -Кұралбек Жолдасұлы Ергөбеков;
  • «Жылдың үздік журналисі» — Ғалымжан Қамытбекұлы Елшібаев;
  •  «Жылдың үздік суретшісі» -Құттыбек Тыныбекұлы Жақыпов;
  • «Жылдың үздік ғалымы» — Рахымберді Сарсекұлы Ташменов;
  • «Жылдың үздік мектебі» — Шымкент қаласы білім бөлімінің «№23 З.Космодемьянская атындағы мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
  • «Жылдың үздік колледжі» — «Инновациялық-технологиялық колледжі» жеке мекемесі;
  • «Жылдың үздік ұстазы» -Роза Жұмабекқызы Өрнекешова;
  • «Жылдың үздік сынып жетекшісі» — Гүлнұр Қанатбекқызы Нұрымбетова;
  • «Жылдың үздік тәлімгері» — Алмас Шүлезбайұлы Халықов;
  • «Жылдың үздік тәрбиешісі» — Алия Әлімханқызы Мырзабаева;
  • «Жылдың үздік медицина мекемесі» — Оңтүстік Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  • «Жылдың үздік дәрігері» — Шардара аудандық емханасының дәрігер-педиатры Тұрсынкүл Мамедова;
  • «Жылдың үздік санитарлық дәрігері» — Фархад Мехманович Сидикалиев;
  • «Жылдың үздік мейірбикесі» — Гүлзада Рахматуллақызы Танагулова;
  • «Жылдың үздік туристік ұйымы» — «Zhana-Talap» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Шымкент  қаласы;
  • «Жылдың үздік спорт мекемесі» — Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыр атлетикадан олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі;
  • «Жылдың үздік спортшысы» — Жазира Әбдірахманқызы Жаппарқұл;
  • «Жылдың үздік жаттықтырушысы» — Рашид Рахманұлы Төлегенов;
  • «Жылдың үздік құрылыс мекемесі» — «Нүрі-Л-Жетісай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, Мақтарал ауданы;
  • «Жылдың үздік құрылысшысы» — Юрий Иванович Кирпичкин;
  • «Жылдың үздік жол құрылыс мекемесі» — «Алем Транс Жол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • «Жылдың үздік жол құрылысшысы» — Станислав Викторович Бугаев;
  • «Жылдың үздік энергетигі» — Ерлан Дүйсенұлы Шалбаев;
  • «Жылдың үздік коммуналдық шаруашылық қызметкері» -Бақтияр Тоймасұлы Секеров;
  • «Жылдың үздік ауылы» — Түлкібас ауданының Азаттық ауылы;
  • «Жылдың үздік ауласы» — Кентау қаласының С.Сейфуллин көшесінің №99, 103, 105, 105а, 107 үйлері;
  • «Жылдың үздік жолаушылар көлігі кәсіпорны» — «Green Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
  • «Жылдың үздік жүргізушісі» — Ерлан Төлегенұлы Қасымбеков;
  • «Жылдың үздік сәулетшісі» — Бақытжан Құдайбергенұлы Әшірбаев;
  • «Жылдың үздік жас сәулетшісі» — Мұхтар Бекмұрзаұлы Арынғазиев;
  • «Жылдың үздік архивисі» — Әсем Асылбекқызы Нұрсейітова;
  • «Жылдың үздік әлеуметтік қызметкері» —  Ольга Васильевна Быкова;
  • «Жылдың үздік қамқоршысы» — Әмина Абдуғалиқызы Әлімбаева;
  • «Жылдың үздік кәсіпкері» — Нұралы Алмаханұлы Абишов;
  • «Үздік өнеркәсіп кәсіпорны» — Рустам Шамильевич Байгарин;
  •  «Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласында үздік кәсіпкер» — Талғат Жүнісбекұлы Исхаков;
  • «Үздік инновациялық жоба» — Сергей Валериевич Хегай;
  • «Жылдың индустриялды жобасы» — Уалихан Бауыржанұлы Ахметов «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-ның директоры;
  • «Жылдың үздік экспорттаушысы» — Мұрат Қалмұрзаұлы Тағаев;
  • «Жылдың үздік инвесторы» — Марат Сұлтанбекұлы Қалдыбаев;
  • «Үздік жас кәсіпкер» — Ахмет Есенгелдыұлы Утепбаев;
  • «Жылдың үздік жұмыс берушісі» — Сейдулла Ильясұлы Қожабаев «Кентау Трансформатор Зауыты» АҚ-ның директоры;
  • «Жылдың үздік әйел-кәсіпкері» — Гулнара Жолдыбаева;
  • «Белсенді қаржы институты» — Артур Елубайұлы Таскарин «Казкоммерцбанк» АҚ ОҚОФ директоры;
  • «Үздік жергілікті тауарөндіруші» — Кұдырет Тілеубергенұлы Кұдайбергенов;
  • «Кәсіпкерлікті қолдау бойынша үздік әкімдік» — Отырар ауданы.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

ӘСКЕРИ ТЕХНИКАЛАР ЖАЗҒЫ РЕЖИМГЕ КӨШІРІЛУДЕ

Айғақ медиа
27.05.2026
0

Шымкент қаласындағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында әскери техникаларды жазғы пайдалану режиміне көшіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қару-жарақ пен арнайы техникаларға...

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

АТА ЗАҢДА МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Айғақ медиа
26.05.2026
0

1 шілдеде күшіне енетін Ата Заңда мұғалімдердің құқықтары қалай қорғалады? Жаңа Конституцияның негізгі өзгерістері қандай? Қала аумағында заңгерлер тұрғындарға түсіндіру...

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

85 ГРАММ АЛТЫН: ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ КІМГЕ МІНДЕТ?

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Кейбірі сауап үшін мал сояды, енді бірі оны міндет деп түсінеді. Алайда Құрбан айттың шынайы мәні неде? Арафа күні неліктен...

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

ЖЕДЕЛ КӨМЕК ЕНДІ ЖЫЛДАМ ЖЕТЕДІ

Айғақ медиа
25.05.2026
0

Қаратау ауданында әмбебап жедел қызмет көрсету бекеті ашылды. Ерекшелігі өрт сөндіру, полиция және медицина қызметкерлері бір орталықта жұмыс істейтін болады....

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

РУХАНИЯТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІКТЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Мәдениет және өнер саласының үздіктері марапатталды. Төсбелгілерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек табыстады. Аталмыш рәсімде мәдениет саласының өкілдеріне құрмет көрсетіліп,...

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

ОҢАЙ ОЛЖА – ОРҒА ЖЫҒАДЫ

Айғақ медиа
22.05.2026
0

Шымкентте «Бостандық бағасы» тақырыбында жастармен жиын өтті. 1200-ге жуық оқушы жазасын өтеушілермен тікелей эфирде тілдесті. Іс-шарада жас өрендердің құйтырқы әрекеттер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.