• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Шілде 13, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте аудандарды дамытудың жаңа концепциясы жасалынуда

28.12.2016
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей бастамасымен әрбір ауданды жекелей дамытудың жаңа концепциясы дайындалып жатыр. Барлық саланы қамтитын жобаны облыстық әкімдікте алғаш болып Төлеби ауданының әкімі Б.Парманов таныстырды. Ауданның 2017 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында барлық сала негізінен 3 бағытқа біріктіріліп, дамытылмақ. Облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқармалардың қатысуымен жасалған ауқымды құжат аудан халқының әлеуметтік, тұрмыстық, қауіпсіздік, білім беру, денсаулық сақтау, сәулет, коммуналдық, кәсіпкерлік сынды өзге де шаруашылық салаларында кездесетін өзекті мәселелердің толық шешімін табуға бағытталған.

Бүгінгі өткен жиында аймақ басшысы ауданның әлеуметтік-экономикалық потенциалдарын толық іске асырып, халықтың әл ауқатын арттыру негізінде жасалған даму тұжырымдамасы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп пен туризм саласы сынды 3 бағыт бойынша іске асырылатынын атап өтті. «Оңтүстік өңірі аграрлы аймақ болған соң концепцияның маңызды және үлкен бағытының бірі ауыл шаруашылығы саласын дамыту болып табылады. Бұл бағытта су шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, мал шаруашылығын, үй шаруашылығын және сервистік қызмет көрсету қолға алынады»,-деді әкім.

Ауыл шаруашылықтың дамуына негізгі серпіліс беретін фактордың бірі жерлерді заманауи үнемдеу және жаңа технологияны қолдану арқылы суландыру. Өз кезінде бұл қарқынды технологияларды пайдалана отырып бау, жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін өндіруге, өнімділігі жоғары мал азықтық дақылдарын дайындауға, елді мекендерді ағын сумен толық қамтуға мүмкіндік береді. Мәселен, аудандағы суармалы жерді толық сумен қамту үшін үш кезеңде жұмыс жүргізіледі. Бірінші 9 каналды су құбырына ауыстырып жерлерді тамшылатып суғару жүйесіне көшіру. Екінші кезеңде 23 каналға лоток салу немесе бетонмен қаптау жұмыстары жүргізілсе, үшіншіден су деңгейінен биік орналасқан жерлерді су сорғыштар арқылы суландыру. Нәтижесінде суармалы жер көлемі 16000 гектарға жетсе, жеміс-жидек 2200 гектардан 10 мың га дейін ұлғайады. Ал өнім көлемі 12 мың тоннадан 60 мың тоннаға өседі деп күтілуде.

Ал өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында ауданда 158,5 гектарға жаңа бау егілсе, оның 108 га қарқынды бау болмақ. Сонымен қатар, мал шаруашылығын дамыту бағытында мал бордақылау және ет өнімдерін қайта өңдеу, сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу мен қымыз өндіру кластерін құру жұмыстары жүргізіледі. Мал бордақылау бағытында келер жылы жоба құны 125 млн. теңге болатын 3 агроқұрылым яғни, 670 бастық мал бордақылау алаңы іске қосылады. Сүт фермаларын дамыту және сүт өнімдерін қайта өңдеу бойынша 36 млн. теңгеге 135 басты сүт фермасы ал, тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін қайта өңдейтін цех іске қосу жоспарлануда. Келер жылы сауынды бие басын көбейтіп, өндірілетін өнім көлемін 2610 тоннаға дейін жеткізу мақсатында 75 азамат 454 млн. теңге көлемінде несие алуға ниет білдірген. Тұжырымдаманың екінші бағыты кәсіпкерлік және өнеркәсіп салаларын дамыту мақсатында 2017 жылы 104 жоба іске асырылады. Индустриалды — инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде келер жылы жоба құны 1 млрд. 100 млн. теңгеден асатын 3 жобаны енгізу жоспарланып отыр.15723390_1164026583713679_6436996456314099205_oОңтүстіктің туристік индустриясын дамыту үшін концепцияның үшінші бағытында ауданда туристік демалыс аймақтарын дамыту көзделген. Бұл бағытта ауданда эко туризм, зиярат ету, сауықтыру, жоғары сервистік қызмет пен көпшілікке арналған демалыс орындар салынбақ. Атап айтқанда, замануи «Қасқасу» тау-шаңғы курорты, «Тау самалы» демалыс аймағы мен тау шаңғы базасы және саумалмен емдеу орталықтарының құрылысы жүргізіледі. Тау шаңғы спорты өңірдегі отандық туризм индустриясында бәсекеге қабілетті және қызмет сапасын жақсартуға, яғни өңірдің қарқынды дамуына импульс береді, жаңа жұмыс орындар ашылады, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытумен бірге Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлесін тигізеді. Жыл бойы туристік қызмет көрсететін халықаралық деңгейдегі тау шаңғы курорты аумағында қонақ үйлер, мейрамханалар, арқан жолы, бассейн және т.б. нысандар салу жоспарланған. Ал «Тау самалы» демалыс аймағында салынып жатқан этноауылдарда салт дәстурге сәйкес киіз үйлер безендіріліп, ұлттық қолөнер бұйымдар жасалынып, ұлттық тағамдар дайындалады. Бұл бағытта тұрғындарды ұйымдастырып, несиелер алу жолдары қарастырылуда. Ауданда ең алдымен туристтік сервистік қызметтерді жақсарту қажет. Осы жұмыстар нәтижесінде туристік демалыс аймақтар санын 48 -ден 60- қа көбейтіп, келуші туристер саны 26 мыңнан 55 мың адамға өсіру жоспарлануда. Сондай-ақ, концепцияда ауданның инфрақұрылымын дамыту мен абаттандыруына баса көңіл бөлінген. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жайы мен қысқы жылыту маусымының өту барысы қаралды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МӘЖІЛІСМЕН ТЖД ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласында алты жаңа өрт сөндіру бөлімі салынады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты мегаполиске жұмыс сапары барысында келгенде айтылды....

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

АСПАЛЫ ЖОЛ ӨТКЕЛІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенаторлар Шымкент қаласындағы теміржол өткелінің құрылыс жұмысымен танысты.Еңбекші ауданындағы Момынов көшесінің бойында салынып жатқан аспалы жол өткелі қаладағы көлік кептелісін...

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЖАҢА ТАЛАПТАР

Айғақ медиа
09.07.2025
0

 Қосымша білім беретін кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан жаңа талаптар енгізілді. Енді үйірмелерге қатысатын балалар саны шектеледі, сондай-ақ бұдан былай ерекше балаларды...

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

СОТ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНА ҚОЛДАУ ҚАЖЕТ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Елімізде генетикалық сараптама жасайтын 5 қана орталық бар. Соның бірі Шымкентте. Орталыққа Полиция департаменті мен азаматтық соттардан сұраныс өте көп...

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР КӨТЕРІЛДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Сенат депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қоғаммен тікелей байланыс орнату мақсатында өткен бұл кездесу...

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

ШАҺАРДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ДИЗАЙН КОДЫН МӘСЛИХАТ БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
09.07.2025
0

Шымкент қаласының біртұтас дизайн кодын енді жергілікті мәслихат депутаттары бекітетін болады. Арнайы ереже арқылы шаһардың заманауи келбеті қалыптасып, жайлы, қолжетімді...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.