WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) әлемдегі ең қауіпті боксшылар тізімінде екінші орынға жайғасты, — деп хабарлайды Vesti.kz. ТОП-5 тізімін НВО арнасының комментаторы Джим Лэмпли жасады.
«Геннадий Головкин — біздің заманымыздың ең мықты боксшысы. Ол қарсыластарына өзіне соққы жасауға мүмкіндік береді, кей кездері ол маңдайынан осылайша соққылар алып жатады», — деді Лэмпли өзінің The Fight Game with Jim Lampley бағдарламасында.
HBO арнасының жүргізушісі бірінші орынға украиналық Василий Ломаченконы (7-1, 5 КО) қойған. «Ол өз өмірінде ең қауіпті қарсыласпен шаршы алаңға шығып, бір соққы да тигізбей, керемет соққылар жасады. Ол осы әрекетімен, қазіргі уақытта оны жеңу — қиынға соғатынын дәлелдеді», — деді ол.
Сонымен қатар, үздік бестікке — никарагуалық Роман «Чоколатито» Гонсалес, америкалық Андре Уорд және ресейлік Сергей Ковалев кірді.
Дереккөз: Kaz.tengrinews.kz