Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Арыс қаласында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып, әлеуметтік нысандар ел игілігіне берілді. Мәселен, жыл басынан бері 2 мектеп, 1 көпір, 1 балабақша мен 1 спорттық нысан ашылды.
Ал, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейлі мерекесі күні қалада 25 әлеуметтік нысан ашылып, тұрғындарға пайдалануға ұсынылды.
Атап айтқанда 1 мектеп, 1 ауыз су жүйесі, 2 шағын бақ, 8 балалар ойын алаңшасы мен 13 заманауи спорт алаңшалары халық игілігіне қолданысқа берілді.
Аталған нысандардың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі М.Қадырбек, облыстық мәслихат депутаты Қ.Әбдіхалық, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаевтар қатысып, арыстықтардың қуанышымен бөлісті. Шара барысында жиылған жұртшылыққа қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Осы тұста арыстықтар Егемендігіміздің тұғырлы болуын тілеп, ширек ғасырда еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы еңбегі үшін Елбасыға алғыстарын жеткізді.
Қ.ТОҚАЕВТЫҢ АҚШ-қа САПАРЫНАН КЕЙІНГІ ТРАМПТЫҢ ПІКІРІ
Қазақстан Дональд Трамптың екінші президенттік мерзімі кезінде Авраам келісіміне қосылған алғашқы мемлекет болды. АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль премьер-министрі Биньямин...










