• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сейсенбі, Ақпан 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-да бірқатар азаматтар мерекелік медальмен марапатталды

14.12.2016
0

Бүгін облыс әкімі Ж.Түймебаев өңіріміздегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өңіріміздегі бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен кездесіп,Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Онда әкім Елбасының атынан  Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiмен» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін  табыстады.

Тәуелсіздік мерекесі еліміздің барлық азаматтары үшін ортақ әрі ең басты құнды мереке екенін айтқан әкім барша жиналғандарды Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мереке қарсаңында Мемлекет басшысы, еліміздің Тәуелсіздігі мен ел бірлігін нығайтуға, мәдениетаралық қарым-қатынасты дамытуға, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға  қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалiн» өңіріміздегі бірқататар азаматтар ие болған. 

Аталған мерекелік медаль иелерін облыс әкімі арнайы қабылдап, Елбасы атынан табыстады. Оладың қатарында облыс прокуроры  И.Иманов, өңіріміздің бас имамы А.Керімбек, облыстық клиникалық аурухананың дәрігері М. Абуов, ОҚО Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  М.Қалмұратов, Ахыска» этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі М.Мусаев, облыстық күрд этномәдени орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Надиров, «Казаки» қоғамдық ұйымының төрағасы Д. Хрущев, «Наири» армян этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.Сидиропуловалар бар.

«Осы ширек ғасыр ішінде мемлекетіміз өсіп-өркендеп, әлемдік қауымдастық арасында өзіндік орны бар мемлекетке айналды. Біздің қол жеткізген басты табысымыз – Қазақстан халқының біртұтастығы болды.

Мемлекеттің сара саясаты, дара ұстанымының арқасында жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім – Тәуелсіздігіміздің басты тұғырына айналды. Елімізде бейбітшілік пен мызғымас татулықты орнықтыруда мейлінше атсалысып жүрген азаматтырымызды бүгінгі алған марапатымен шын жүректен құттықтаймын»,-деді Ж.Түймебаев.

Сонымен қатар, аймақ басшысы  облысымыздың өсіп-өркендеуіне сүбелі үлес қосқан 21 БАҚ-қа «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін  табыстады.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығында қазақ елінің елдігін насихаттап, ел игілігі мен бірлігі үшін жемісті атқарылған жұмыстар мен мемлекетіміздің абыройын асқақтатып, жан-жақты даму жетістіктерін насихаттауда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі қашанда жоғары. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев биік мінберден: «Біз баспасөз еркіндігін қалыптастыру арқылы сөз бостандығын баянды еттік» деп айтқанын сіздер білесіздер. Шынында да бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасу жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық салалардағы өркенді өзгерістердегі алатын орны мен атқарған қызметі айрықша»,- деп айтқан Сіздер Президентіміздің жасампаз идеяларының төңірегіне қоғамды

топтастыру, ұлтты ұйыстыруға зор үлес қосып келесіздер. Демек, қандай да бір ақпарат көзінің сөзі — қоғамдық пікір қалыптастырудың темірқазығы іспетті. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселеніп, табысты да жемісті еңбектеріңіз еленіп, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер,-деп айтқан әкім өз сөзін қорытындылады.

Жиында сөз алған қаламгерлер алдағы уақытта да қоғамды нығайтуда және Қазақстанның оның ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының дамуына үлес қоса беретіндерін айтып, ширек ғасырда атқарылған еңбекті бағалап, мерекелік медальге лайық деп санаған Елбасыға және облыс  әкіміне алғыстарын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

ҒЫЛЫМҒА ҒҰМЫРЫН АРНАҒАН ТЕКТІНІҢ ТҰЯҒЫ

Айғақ медиа
14.02.2026
0

Алматы облысы Талғар ауданы, Жаңалық ауылында орналасқан Саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінде белгілі ғалым, профессор Дәулет Мұхамеджанұлы Шейх-Әли Тынышбаевты еске алу...

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БІРҚАТАР ӨҢІРІНДЕ ОҚУШЫЛАР ҚАШЫҚТАН БІЛІМ АЛУДА

Айғақ медиа
11.02.2026
0

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірқатар өңірлерінде мектеп оқушылары онлайн форматқа көшті. Астанада бірінші ауысымдағы 0–6 сыныптар қашықтан білім алуда....

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

ПРЕЗИДЕНТ: ЦИФРЛАНДЫРУ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫНА ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, елдің дамуына қатысты бірқатар салалар мен келелі істер бойынша сөз сөйледі. Соның бірі -...

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУДЫҢ 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ БЕКІТІЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмаммен былтыр 2030 жылға дейін аймақтарды дамытуға арналған тұжырымдама бекітілді. Басты мақсат – өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті...

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ 847 МЛН ТЕКШЕ МЕТР СУ ҮНЕМДЕЛДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов еліміздің су шаруашылығын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ДАМУЫ МЕН БІРІЗДІЛІГІН БЕКІТЕДІ

Айғақ медиа
10.02.2026
0

Қазақстан Республикасы Президентінің төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформаның маңыздылығына тоқталды. Мемлекет басшысы: - «Жаңа Конституция жобасына...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.