• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Оңтүстікте Тәуелсіздік жетістіктерін баяндайтын кітаптардың тұсауы кесілді

13.12.2016
0

Бүгін Оңтүстік Қазақстанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналып жарық көрген «Тәуелсіздік тебіреністері» шығармалар жинағы мен «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті» фотоальбомының, «Қазақстан жолы: Ұлт көшбасшысымен бірге 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектерінен жинақталған үш кітаптың тұсаукесер рәсімі өтіп, жаңа туындылардың көрмесі ұйымдастырылды. Сонымен бірге, осы күні келушілер назарына егемендік жылдарында Елбасымыздың Оңтүстікке жасаған сапарлары мен өңірде атқарылған игілікті істер баяндалған «Тәуелсіздік Тұғырым» деректі фильмі тұңғыш рет ұсынылып, таныстырылды.

«Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында өткен шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері мен мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, ғалымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты шарада сөз бастаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ширек ғасырлық осынау ұлы думанда мұндай шығармашылық туындылардың жасалып, кейінгі ұрпаққа естелік ретінде қалуы маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ өңір басшысы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген 10 мың теңгелік жаңа қағаз ақшаның алғашқы банкнотын көпшілік назарына ұсынды.

«Тәуелсіздік жылдарында Елбасының елге сіңірген еңбегі орасан. Сондықтан  осындай шешім қабылданып отыр. Мұнда Президенттің портреті. Астананың бойтұмары саналатын «Бәйтерек». Елдігіміздің елордасы. Ынтымағы жарасқан көпұлтты xалқымыздың ортақ шаңырағы – Қазақстан картасы. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына тарту ретінде шығарылатын 10 мың теңгелік жаңа ақша еліміздің тарихынан сыр шертеді», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Банкноттың екінші бетінде «Қазақ елі» монументіндегі киелі самұрық құс, «өмір ағашы» көрініс тапқан. Бұл – тарихи тамыры тереңнен бастау алатын егеменді елдің бейнесі.

«Елбасы мен Тәуелсіздік егіз ұғым. Өйткені Қазақстандағы қайбір жетістік те Ұлт көшбасшысының жанқиярлық ерлігімен, елдің ерен еңбегімен тікелей баланысып жатыр. Мұны сіздер Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай облысымызда шығарылып отырған бүгінгі кітаптардан да айқын аңғара аласыздар», — деді Ж.Түймебаев.

Облыс әкімі кітапхана басшылығына Түркия елінен арнайы жолданған  Елбасы туралы бірнеше журнал мен кітаптарды да тарту етті. Түрік елінің сазгерлері әзірлеген Елбасы туралы әндер жинағын да арнайы таныстырды.

«Тәуелсіздік тебіреністері» кітабында өңіріміздің айтулы қаламгерлерінің туындылары жинақталып, жарияланған. «Қазығұрт» баспасынан 1000 данамен жарық көріп, тұсауы кесілген жинақ «Поэзия», «Проза», «Публицистика» атты үш бөлімнен тұрады.

«Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды сәті» кітабында – Оңтүстік Қазақстан облысының ширек ғасырдағы жетістіктері баяндалады. Мұнда өңірдегі әр сала бойынша 25 жылдық көрсеткіштер паш етіліп, облыс халқының осы ширек ғасыр ішіндегі тар жол, тайғақ кешуден өтіп, небір қиындыққа қайыспай еткен еңбегі, төгілген маңдай тері, қол жеткен жетістігі қамтылады.

Ал үшінші басылым — «Қазақстан жолы: Ұлт көшбасшысымен бірге 25 жыл бейбітшілік пен жасампаздық» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының құнды еңбектерінен жинақталған кітапта таяуда Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстіктік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен халықаралық ғылыми конференциядағы ғылыми мақалалар орын алған. Онда АҚШ, Канада, Ирландия, Оңтүстік, Корея, Ресей Федерациясы сынды мелекеттер ғалымдарының ортақ талқыға түскен 300-дей баяндамаларын оқуға болады.

«Тәуелсіздік — тұғырым» деректі фильмінде ҚР Президенті Н.Назарбаевтың облысқа жасаған сапарлары мен өңірімізде атқарылған игілікті істерге қатысты әзірленген. Елбасы оңтүстікке 40-тан астам рет сапар жасаса, тек Түркістан қаласының өзіне 13 рет атбасын бұрып, онда 6 рет Мемлекет басшыларымен ресми кездесулер өткізіпті. Фильмде Елбасының сол кездердегі белгілі бір қоғамдық құбылыстар мен оқиғаларға байланысты білдірген пікірлері мен айтқан ойлары көрсетілген. Еңбек Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша «Сақ» киностудиясында жасалған.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.