• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Тамыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ел игілігіне беріледі

06.12.2016
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен селекторлық жиын өтті. Отырысқа облыстық басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері және әкімдіктің тиісті сала басшылары қатысты.

Жиында сөз алған Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев таяуда Әзербайжанның Шеки қаласында өткен ТҮРКСОЙ Тұрақты Кеңесінің 34-ші отырысында Түркістан қаласын Түркі әлемінің 2017 жылғы мәдени астанасы етіп бекіту туралы шешім қабылданғанын қуанышпен айтып, облыс әкіміне Әзірбайжан мемлекетінің мәдениет министрінің арнайы сәлемдемесін, яғни   Түркі әлемінің мәдени астанасы белгісін табыстады.

Бұл өз кезегінде, Түркістан қаласының халықаралық деңгейге көтерілуі үшін үлкен мүмкіндік екенін айтқан аймақ басшысы келер жылы Шымкент пен Түркістанда түркі әлемінің басын қосатын ауқымды іс-шаралар өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, әкім көне Түркістанның түркі әлемінде алар орны мен маңыздылығына тоқтала келе оны мәңгілікке қалдыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретіндей абыроймен өткізу қажеттігіне назар аударды.

Мәжілістің күн тәртібінде осы жылдың соңына дейін тапсырылатын құрылыс нысандары мен облыс аумағындағы жол-құрылыс жұмыстарының жағдайы, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының 1-ші бағытының орындалуы және құрылысы жүргізілген коммуналдық мәселелер жайы қаралды.

Бірінші мәселе бойынша  баяндама жасаған облыстық  құрылыс басқармасының басшысы С.Полатов  облыста  жыл соңына дейін бірқатар әлеуметтік нысан пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Жиында мәлім болғандай, ел Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ОҚО Қазақстан халқы  Ассамблеясының жаңа ғимараты, Төлеби ауданы Киелітас ауылдық округі Султан Рабат ауылындағы ауысымына 50 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория ал, Түлкібас ауданында түрлі әлеуметтік 20 нысан пайдалануға беріледі.  Сонымен қатар, 25 жылдық мерейтойға Шымкент қаласы, әкімшілік іскерлік орталығында тоғызқабатты  №1,2  тұрғын үйлер мен тоғызқабатты жатақхана, Сарыағаш ауданында 4 қабатты 36 пәтерлі тұрғын үй, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында бір пәтерлі 50 тұрғын үй және Түркістан қаласында 72 пәтерлі 9 қабатты екі үй мен 60 пәтерлі 5 қабатты екі үй, Түлкібас ауданында 32 және 64 пәтерлі екі көпқабатты тұрғын үй тапсырлады. Және Мақтарал ауданында 125 орындық екі мектеп, Отырар, Төлеби ауданындарында 6 спорт алаңшалары, басқада аудандарда білім ошақтары мен мәдениет нысандары  ел игілігіне беріледі деп жоспарлануда.

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары А.Әліқұлов осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен ауыз су және су бұру саласына 11,4 млрд. теңге бөлініп, 35 жобаның құрылысы жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның ішінде 35 нысанның 9-ы  2017 жылға өтпелі болса, ал қалған 26 нысан кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Сонымен қатар, ол осы жылы республикалық және облыстық бюджеттен газ құбырын тарту бойынша 13,2 млрд. теңге бөлініп, 34 нысанның құрылысы жүргізілсе, оның 25-і биыл ел игілігіне тапсырылатынын хабарлады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша сөз алған облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Н.Байғұт биыл облыстық бюджет есебінен 305 нысанның немесе 638,8 шақырым жол мен 17 көпірдің құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Мәселен, осы жылы 603,9 шақырым жол, 60,8 шақырым аяқжол, 17 көпір, 12 құбыр және 1 теміржол өткелі пайдалануға берілуі жоспарланса, оның 126 нысаны ел игілігіне берілген.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 562 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатқанын бандаған облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ә.Құралова жобалардың 3 траншқа бөлінгенін хабарлады. Атап айтқанда, І және ІІ транш негізінде 84 жобаның 83-і аяқталса, ІІІ транш бойынша 457 жобаның 151-і аяқталған.

Күн тәртібіндегі мәселелердің жайына қаныққан аймақ басшысы Ж.Түймебаев бірқатар салалар бойынша кемшіліктердің бар екеніне тоқталып, аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер жасады. Сондай-ақ, әкім салынып жатқан құрылыс  нысандарының сапасына назар аударуды және құрылыстың кестеге сай өз мерзімінде аяқталуын қадағалауды жүктеді.

Жұмыстың жүйесіздігінен облыстағы салынған жолдар қайта бұзылып, газ, су құбырлары жүргізіліп жататындығын айтқан әкім алдағы уақытта жол мен көпір құрылысын салар алдында  энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлесе отырып іс-шара жоспарын бекітуді, ал елді мекендерге берілген көгілдір отынды әрбір абономентке жеткізілуін қамтамасыз ету үшін арнайы жаспар дайындалу қажеттігін  міндеттеді.  Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жоғарыда аталған кемшіліктерді жою мақсатында тиісті сала басшыларына нақты бірқатар жүктем елер міндеттеді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 4668 БАСПАНА

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте тағы 30 отбасы баспаналы болып, көптен күткен қуанышқа кенелді. Қала әкімі қатысқан салтанатты рәсімде жаңа пәтердің кілті табысталып, тұрғындардың...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ҚАЛДЫҚТАН ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫ ӨНДІРІЛЕДІ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкентте экология мен энергетиканы ұштастыратын ірі инвестициялық жобаның құрылысына капсула салынды. Енді тұрмыстық қалдықтар қоқыс полигонына жөнелтілмей, заманауи технология арқылы...

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІНІҢ ЖҰЛДЫЗЫНА АЙНАЛҒАН ОПЕРАТОР

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Жылдамдықпен жүйткіген спортшыларды түсіремін деп, мәреге олардан бұрын жеткен видеооператор бүгінде әлеуметтік желінің жұлдызына айналды. Желі қолданушылары оны «желаяқ оператор»...

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

ЗАҢСЫЗ БЕРІЛГЕН 150 ГЕКТАР ЖЕР МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Шымкенттегі жердің әр гектары есепте тұр. Жалпы аумағы 116 мың гектардан асатын қалада жер қорын тиімді басқару басты назарда. Миллиардтаған...

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

МЕКТЕПТЕ АШЫЛҒАН АЛҒАШҚЫ КҮРЕС ЗАЛЫ

Айғақ медиа
29.07.2026
0

Білім саласы бойынша 3-ші мегаполисте тағы бір тарихи сәт. №140 мектепте алғаш рет халықаралық стандартқа сай күрес залы пайдалануға берілді....

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

ТӘРТІП – ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАБІЛЕТТІҢ ТІРЕГІ

Айғақ медиа
27.07.2026
0

Әскери тәртіп – Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын басты талаптардың бірі. Әскери жарғыны бұзу тек тәртіптік жауапкершілікке ғана емес, жауынгерлік...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.