• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ОҚО-да телекөпір барысында болат құю зауыты іске қосылды

06.12.2016
0

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен республика көлемінде «Жаңа Индустрияландыру» телекөпірі өтті.

Жалпы ұлттық телекөпір барысында Оңтүстік Қазақстан облысында «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-нің болат құю өндірісі бойынша салынған өнеркәсіп орны іске қосылды.

Елбасымен тікелей байланысқа шыққан «KARLSKRONA LC AB» ЖШС-і директорының орынбасары Ә.Үсенбаев кәсіпорынның жұмысын баяндады.

– Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы! Су сорғылары жабдықтарын шығаратын зауытымыз Сізге жақсы таныс. «Жаңа индустрияландыру» бағдарламаңызды қолдау мақсатында, өнімді елде барынша шоғырландыру үшін болат құю өндірісі ұйымдастырылды. Жаңа зауыт арқылы алыс және жақын шет елдерге экспорт көлемін 40 пайызға арттырамыз. Қазір кәсіпорындағы жаңа өндірісіміз іске қосылуға дайын. Құрметті Елбасы! Еліміз Тәуелсіздік алғалы бері Сіз жастарды қолдап келесіз. Тәуелсіздік аясында еліміз нық аяққа тұрып, келешек ұрпақ үшін толыққанды мемлекет құрдыңыз! Міне, соның арқасында осы зауытта 58 жас маман жұмыс жасауда. Арасында «Болашақ» бағдарламасымен білім алғандар да бар. Сізге өзіміздің алғысымызды білдіре отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз! Аса қадірменді Елбасы! Өндірісті іске қосуға рұқсат етіңіз, — деді  Ә.Үсенбаев.

Мемлекеттік қолдауға ие болған кәсіпорын –  машина жасау саласында алдыңғы қатарда. Компания Орталық Азияда теңдесі жоқ заманауи технологиямен жабдықталған.

Бадам индустриялды аймағында орналасқан кәсіпорынның жобалық құны 2 млрд теңгені құрайды. Зауыт жылына 3700 тонна өнім шығаруға қауқарлы. Өндіріс орнында 75 адам жұмыспен қамтылған. Ішкі нарықтың 60 пайызын құрайтын кәсіпорын, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Белоруссия секілді елдерге өнімін экспортқа шығаруды жоспарға қойған.

Мемлекеттік «Жаңа индустрияландыру» бағдарламасы аясында іске қосылған зауытта шойын мен болаттан ауыл шаруашылығы техникаларын, машина жасауға қажетті жабдықтар жасалмақ. Сондай-ақ, зауытта әзірленген бөлшектерден жер асты суы, шаймалау әдісі арқылы уран және өзге де сұйықтықты сорып алуға лайықталған сорғылар құрастырылады. Бүгінгі таңда өндірілген өнімдерді өткізу бойынша зауыт жетекшілігі Белоруссиямен келісім-шарт жасап қойған. Осылайша, нарықта «KARLSKRONA LC AB» ЖШС атауымен белгілі серіктестіктің бұл үшінші өндіріс орны деуге болады.

Оңтүстік Қазақстан облысында индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша 2010 жылдан бері 145 жоба іске қосылған. Онда былтырға дейін 180 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Құны 225 млрд. теңге болатын жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде 13 мыңға жуық жұмыс орны құрылып отыр.

Жалпы ұлттық телекөпір шарасына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев жаңадан іске қосылған кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, зауыттың алдағы өндірістік даму жоспарын талқылады. Жұмысшылармен болған сұқбат барысында аймақ басшысы зауытта шығарылатын өнімдердің сапалы және  халықаралық бәсекеге қабілетті болуы қажеттігіне тоқталды.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

ДӘРІ-ДӘРМЕК ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ЖОСПАРДА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Халықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тақырыбында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға медицина және фармацевтика саласының мамандары, сондай-ақ өндіріс кәсіпорындарының жетекшілері қатысты....

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

САРБАЗДАР ӘСКЕРИ АНТ БЕРДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласының гарнизонына қарасты механикаландырылған бригадада 200 жас сарбаз Отанға адал қызмет етуге ант берді. Жаңадан әскер қатарына алынған сарбаздар...

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІҢ ҚАТЫСУЫМЕН 185 ЖОЛ АПАТЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкентте полиция мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында жол қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер талқыланған кездесу өтті. Жиынның басында автобустардың қатысуымен орын...

ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ БОЙЫ АБАТТАНДЫРЫЛДЫ

ҚАЛАМГЕР МҰРАСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

Айғақ медиа
19.12.2025
0

Шымкентте қазақ журналистикасының көрнекті өкілі Жарқынбек Оразханның 75 жылдығына арналған «Озық ойлы – Оразхан» атты еске алу кеші өтті. Жиында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.