Нұрсұлтан Назарбаев қатысқан «Түнгі студияда» бағдарламасының видеошолуы пайда болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Facebook желісінде бағдарламаның ресми парқшасында Қазақстан Президентінің қатысуымен түсірілген видеошолу пайда болды. Эфир «Қазақстан» телеарнасынан 29 қарашада сағат 23.15-те көрсетіледі деп жоспарланған. Телеарнаның мәліметінше, Назарбаев жастардың тәрбиесі, елдің болашағы және бақыты туралы тақырыпта сөз қозғаған.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Түнгі студияда» бағдарламасында бата берді. Телетаратылым кезінде Мемлекет басшысы бақыттың не екенін айтып берді.
«Гарвардта «Бақыт деген не?» деген сауалнама жасалыпты. Бақыт деген нәрсені түптеп келгенде бірнеше мың адам сұралып, 4 нәрседен тұратыны анықталыпты. Ең бірінші бақыт — балаң, бауырыңа басатын. Себебі әйелдің шашы жібектей болатыны күніне бір рет бала сипап өтсе, сол әйелдікі болады. Екінші — бойың сұңғақ, әдемі болудың себебі — тамағыңның жартысын ашқа берсең дейді екен. Балаңды жақсы көру — түсіністікпен өмір сүру, жолдастарыңмен қарым-қатынасы, көңіліңді көтеру деген сияқты философия. Жай нәрселер адамның бақытына әсер етеді. Бақыттарың басыңнан айырылмасын. Аумин», — деп бата берді Назарбаев
Ақпарат көзі: Tengrinews.kz