Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Депутаттар балалар үйіне аяқасты тексеріс жүргізіп отыру идеясын қолдады
    Жаңалықтар

    Депутаттар балалар үйіне аяқасты тексеріс жүргізіп отыру идеясын қолдады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа16.11.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Депутаттар балалар үйіне аяқасты тексеріс жүргізіп отыру идеясын қолдады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Парламенттің төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова үкімет пен ҚР-дағы Балалар құқы бойынша уәкілден елдегі барлық балалар үйіне тексеріс жүргізуін сұрады.

    «Соңғы кездері балалар үйіндегі зорлық көрсетудің факторлары белгілі бола бастады — психологиялық, физикалық, сексуалдық сипатта. Тәрбиешілердің балаларға, жасы үлкен тәриеленушілердің кішілерге зорлық көрсету фактілері анықталып жатыр. Жетім балаларға қатысты зорлық көрсету әдетке айналып барады. Жетім және кемтар балалар жылдап жәрдемақы алмайды, тамақты тойып ішпейді, ал өкімет бөлетін киімді жыртылғанша киеді. Бұл туралы прокуратура тексерістерінің қорытындысы бойынша белгілі болды», — деп оқыды Ирина Смирнова депутаттық сауалын.

    «ҚР Балалар құқы бойынша уәкіл Зағипа Балиеваның балалар үйлерінде аяқ асты тексерістер өткізу ойын толықтай қолдаймыз», — дейді депутат.

    Ирина Смирнова Білім және ғылым министрлігі, Бас прокуратура мен қоғамдық балалар үйіне тексеріс жасауы қажет деп есептейді. Сонымен қатар, ол жетім балаларды отбасыларға орналастыру қажеттігін еске салып, жетімдер үйінен бала асырап алған отбасыларына демеу көрсету керектігін айтты.

    «Бүгінде патронат отбасыларына айына 20 мың теңге беріледі. Ал балалар үйіне осы уақытқа 150 мың теңге бөлінеді. Егер асырап алушы отбасыларға бара-бар ақша төленсе балалар үйі жабылып қалуы әбден мүмкін», — деп атап өтті Смирнова.

    Сонымен қатар, ол Қазақстанда жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тәрбиеленетін 106 мекеме барын және онда алты мыңнан астам бала өмір сүріп жатқаны туралы мәлімет келтіре кетті. 

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.