Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-ДА ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ
    Жаңалықтар

    ОҚО-ДА ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ЕҢ ҮЛКЕН РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШКЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа15.11.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Оңтүстік Қазақстан облысының шаруалары еліміз егемендік алған ширек ғасырда дәнді дақыл жинау бойынша үздік көрсеткішке қол жеткізіп, рекорд орнатты. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының мәліметінше, биыл өңір диқандары 676 мың тонна (өткен жылмен салыстырғанда 95 мың тоннаға көп) өнім жинап, бұрын-соңды болмаған нәтижені беріп отыр. Мұны орташа түсімділікке шақсаңыз, гектарына 26 центнер дәнді дақылдан келеді екен.

    Сонымен қатар, биылғы маусым шаруалардың өзге де өнімдерді көптеп өсіріп, жинауда оң жамбасынан келіпті. Мәселен, осы маусымда жиналған көкөніс көлемі 109 мың тн. артып,  963 мың тн. құрса, бақша өнімдері 30 мың тн. артып, 1 млн. 413 мың тн, картоп 22 мың тн. артып, 277 мың тн, жеміс-жидек 64 мың тн артып, 126 мың тн, жүзім 22 мың тн. артып, 63 мың тоннаны көрсетті.

    Мұнан бөлек, соңғы үш жылда жерді жаңа әдіспен игеру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылы терең қопсыту технологиясы 86 мың га енгізілді. Бұған дейін тәжірибе жүзінде мақтадан орташа есеппен 26–27 ц/га. өнім алынса, терең қопсыту технологиясын енгізген шаруашылықтардан 40–45 цн/га. өнім алынуда. Аталған технологияның катты топырақ ылғалдылығын сақтаудағы тиімділігін ескере отырып, бұл технологияны басқа да дақылдар мен тәлімі жерлерге қолдану ұсынылуда.

    Айта кетейік, биыл егін шаруашылығы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 12,8 мың га. артып, 788,6 мың га болды.

    Орташа есеппен республика бойынша өндірілген мақтаның — 100 %, жүзімнің — 65 %, бақшаның — 66 %, мақсарының — 40 %, жеміс-жидектің — 31 %, көкөністің — 24 % облыстың еншісінде.

    Бұл алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облысын республика халқын жергілікті азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін негізгі орталыққа айналдыру әлеуетінің жоғары екендігінің бірден-бір айғағы.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.