• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қыркүйек 14, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Шымкентте инновациялық университет бой көтереді

10.11.2016
0

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкенттегі бірқатар нысандарда болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Ең алдымен аймақ басшысы «Агробизнес 2020» бағдарламасы бойынша іске асырылған көкөніс өсіретін «SMG Greenhouse profit» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді. Төрт гектардан астам аумақты құрайтын өндірістік кешен Түрік және Голландия мемлекетінен әкелінген құрал жабдықтармен қамтылған.  Заман талабына сай соңғы үлгідегі жылыжайда жылына 1 мың тоннадан астам қияр өндірлуде.

Серіктестік мамандарының айтуынша, мұнда бүгінде аптасына 29-30 тонна көкөніс өнімдері жиналып, Қазақстан мен Ресейдің Екатеринбург,Омбы облыстарының нарығына шығарылуда. Сондай-ақ, олар бүгінде 45 адам еңбек ететін ауыл шаруашылығы кешенінінің көлемін тағы да 4 гектарға ұлғайтуды жоспарлап отырғанын жеткізді.

Жылыжай жұмысымен, мұнда еңбек ететін жұмысшылардың жағдайымен танысқан облыс әкімі өндірілетін өнімді ең алдымен ішкі нарыққа, сосын шекаралас жатқан Өзбекстан мен Қырғызстан мемлекетіне экспорттау жайын қарастыруды, жұмысшылардың жалақысын мүмкіндігінше жоғарлатуды тапсырды.

Сапары барысында өңір басшысы еліміздегі өндірістік тәжірибесі жоғары «Стандарт Цемент» ЖШС-нің жұмысын көрді. Аталған кәсіпорын өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. тонна цемент шығаратын Қазақстандағы жалғыз ірі зауыт болып табылады.

Кәсіпорында экологиялық талаптарды сақтайтын заманауи құрылғылар орнатылған. Осылайша қоршаған ортаға ешқандай зиян келтірместен үлкен көлемде және жоғары сапалы цемент өндіріп келеді.

Бүгінгі күні 1100-ден астам адам еңбек ететін компанияда жыл сайын жұмыс орындарының саны артып келеді. Сонымен қатар, кәсіпорын өңірдің әлеуметтік-экономикалық өсуіне өз үлестерін қосуда.

Әкім бастаған жұмысшы топ Шымкент қаласының әкімшілік-іскерлік орталығында салынып жатқан 8 мың орындық мешіттің құрылысын аралап көрді. Мешіт кешенінде автокөлік қоюға арналған паркинг, күннен қуат алатын құрылғылар қойылады. Мешіт алдындағы он мыңнан астам адамға есептелінген алаңда жамағатты күннен, жауын-шашыннан қорғау үшін шатыр болып ашылатын жүйе қойылады. Мұнда сонымен қатар, мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, тамақтануға арналған зал, неке сарайы, исламдық білім беру орталығы, медресе, кітапхана мен әкімшілік бөлмелер салынады.

Осы күні Ж.Түймебаев инновациялық – технологиялық колледжінде болып, оқу орнының жұмыс барысымен танысты. Колледжде бүгінде 9 мамандық бойынша жалпы 970 студент білім алады. Ал мұндағы 122 студент 4 мамандық бойынша 2011 жылдан бері дуальды оқыту жүйесінің эксперименттік режимінде білімін шыңдауда.

Оқу орнының тыныс-тіршілігін баяндаған колледж директоры Шымкент қаласындағы «Бозарық» шағынауданы аумағынан бой көтеретін «Қазақ инновация» университетінің макетімен таныстырды. Жаңа университет қалашығына бүгінде 150 гектар жер бөлініп, сәулеттік-құрылыс жобасы бекітлген. 10 мың студентке шақталып салынатын жоғарғы оқу ордасында  медицина, химия-технология, жоғарғы бизнес мектебі бағыттары бойынша білім беретін болады.  Сондай-ақ, оқу орны аумағынан тұрғын үйлер салынып, әлеуметтік нысандар салынады.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІ СОЗЫЛАДЫ: ШЫМКЕНТТІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН

АҚСҮМБЕ КӨШЕСІ СОЗЫЛАДЫ: ШЫМКЕНТТІҢ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІНДЕГІ КӨЛІК ҚАТЫНАСЫНА ЖАҢА СЕРПІН

Айғақ медиа
12.09.2026
0

Шымкентте қала инфрақұрылымын дамыту және тұрғындардың күнделікті қатынасын жеңілдету бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Солардың бірі – Таскен тұрғын алабындағы Ақсүмбе көшесін...

AIQYN ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ БІЛІМ САЛАСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРДІ

AIQYN ЦИФРЛЫҚ ЖҮЙЕСІ БІЛІМ САЛАСЫН ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
12.09.2026
0

Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі мен инфрақұрылымын бақылаудан бастап кадрлық есеп пен тамақтануды ұйымдастыруға дейінгі үдерістер бір цифрлық ортаға біріктірілді Шымкентте...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ КЕҢІСТІКТЕГІ ҚАЗАҚ ТІЛІ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Қай тілде білім алсаң, сол ұлтқа қызмет етесің. Бүгінде баланың тәрбиесі мен танымына цифрлық контенттің әсері зор. Алайда экраннан үздіксіз...

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

МЕРГЕНДЕР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Ұшатын тәрелкенің орнына үйрек болса қайтер еді? Бірақ мергендер нысана ретінде кішкентай ұшатын табақшаларды көздеп, дәлдікпен атып түсірді. Шымкенттегі «Shooting...

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҮЗДІК ОТБАСЫ АНЫҚТАЛДЫ

Айғақ медиа
03.09.2026
0

Шымкентте өнегесімен көпке үлгі болған жанұялар марапатталды. «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауына қатысқан 12 әулеттің ішінен үздігі анықталып, жеңімпаз...

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

МАМАНДЫҚ ТАҢДАУҒА КӘСІБИ БАҒДАР

Айғақ медиа
02.09.2026
0

Елдегі экономиканы дамыту тетігінің бір ұшы- жастарда. Десе де бүгінде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектер арасында өз мамандығымен жұмыс істемейтіндер...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.