• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Қараша 8, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Білім

ҰБТ ЕНДІ ЕКІ КЕЗЕҢГЕ БӨЛІНЕТІН БОЛАДЫ

10.11.2016
0

Енді Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңге бөлінетін болады: қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы және ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«ҚР Білім және ғылым министрлігі қоғамдық пікірді білудің әлеуметтік сауалнамасын жүргізді. Оған шамамен 10 мың мұғалім, ата-ана, түлектер мен ҮЕҰ қатысып, нәтижесінде ҰБТ-ға қатысты маңызды проблемаларды анықтауға септігін тигізді. ҰБТ өткізу тәжірибесі бойынша, қоғам ҰБТ-ны тек қана жоғары оқу орнына түсу емтиханы ретінде қабылдағаны анықталды. ҰБТ енгізілген алғашқы жылдан бастап, қорытынды аттестаттау функциясы толық орындалып жатқан жоқ. Тестілеуге ешқашан жүз пайыз түлек қатысқан емес. Жыл сайын оған қатыспайтын балалардың саны 30%-ға жетіп артуда. Бұл ҰБТ қорытындысы бойынша Қазақстандағы орта білім беру сапасы туралы түйін шығаруға болмайтынын білдіреді», — деп мәлімдеді ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршыбеков ОКҚ-дегі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, осыған орай министрлік екі бағыт бойынша жұмыс жүргізді: бұл емтихандардың 2-ге бөлінуі, яғни мектеп бітіру емтиханы және ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде ҰБТ тапсыру. Сондай-ақ, мемлекеттік гранттарды тағайындау жүйесі ретінде қалдыру; ҰБТ-ның өз құрылымы.

«Нәтижесінде, министрлік ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы шешім қабылдады: қорытынды аттестаттау – мектепті бітіру емтиханы, ал ҰБТ – ЖОО-ға түсу емтиханы ретінде бөлек өткізілмек. Қорытынды аттестаттау мектептерде бес пән бойынша, оның 4 – міндетті және 1 – таңдау бойынша өтеді. Мектептерде осындай емтихандар қазіргі уақытта да өткізіліп келеді – оны ҰБТ-ға бармайтындар тапсырады. Сондықтан да мұнда ешқандай ерекше жаңашылдық жоқ. Барлығы мұғалімдер мен оқушыларға мәлім. Атап өтерлік өзгеріс – бұрын тест сұрақтарын облыстық білім басқармалары дайындаса, енді бұл міндет Ұлттық тестілеу орталығына жүктелмек», — деді Н. Оршыбеков.

Бұдан өзге, «Алтын белгi» беруді мектептердің өздері жүзеге асыратын болады.  ҰБТ-да «Алтын белгiні» растау қажет етілмейді.

«2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ болады деп шамалануда. Барлық сұрақтар бес пән бойынша ескеріледі, оның 3-і міндетті және 2-і бейінді пән бойынша талапкердің ЖОО-ға тапсыратын мамандығына байланысты болады. Тестілеу уақыты 3 сағат 30 минутты құрайды. Белгіленіп отырған төменгі шекті деңгей де өзгеріссіз қалады – 50 балл», — деді ол.

Осылайша, ЖОО-ның барлық 175 мамандығы бейінді пәндер шегінде 10 комбинацияға бөлінді. Бейінді пәндерді бітіруші қай ЖОО-на тапсыратынына  байланысты мамандығын анықтау үшін өзі таңдауы тиіс.

ҰБТ-ны тапсыру мерзімі – 1 маусым мен 1 шілде аралығы, ТКТ – 17-23 шілде аралығында өткізіледі. 2017 жылғы тамыз айында және 2018 жылдың қаңтар айында ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

«ТКТ-ның жаңа форматы бойынша колледждер үшін 60 сұрақ қарастырылған, оның 20-сы жалпы пәндер және 40-ы бейінді пәндер бойынша. Бұл егер бітіруші өз бейіні бойынша оқитын болған жағдайда. Мысалы, педагогикалық мамандыққа баратын педагогикалық колледждің бітіруішісіне арналған. Қалғандары ҰБТ тапсырады. Тестілеу уақыты – 100 минут»,- деді Н. Оршыбеков.

Еске сала кетейік, 13 жылдың ішінде ҰБТ-ға 1,5 млн-нан астам оқушы қатысқан. Орта есеппен өткен жылдары ҰБТ-ға қатысқан түлектердің орташа пайызы 75%-ды құраған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТЕГІН ТЕКСЕРУДЕН ӨТУДЕ

Айғақ медиа
07.11.2026
0

Күн сайын адам өмірі үшін күресетін дәрігерлер бұл жолы өз денсаулығына көңіл бөлді. Шымкент жүрек орталығының 480 қызметкері жүрек-қан тамырлары...

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

САНАНЫ УЛАЙТЫН СЕНІМГЕ ТОСҚАУЫЛ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Желідегі бір ғана кездейсоқ жазба адамды тағдыр тәлкегіне салуы мүмкін. Бүгінде ғаламтор жастар үшін жай ғана ақпарат алаңы емес, сананы...

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

ҚҰТҚАРУШЫЛАР- ЕРЛІКТІҢ ҮЛГІСІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қауіп-қатерге қарамастан, адам өмірін құтқару – үлкен ерлік пен жауапкершілікті талап етеді. Өрт, апат және төтенше жағдай кезінде көмекке асығатын...

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

ҚАЛА ДАМУЫ — КЕҢЕС НАЗАРЫНДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Шымкенттің туристік әлеуеті артып келеді. Биылғы жылдың алғашқы алты айында қалаға келген туристер саны 23,3 пайызға өскен. Қонақтарды қабылдау мүмкіндігін...

30 ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

ӨНДІРІС- ЭКОНОМИКАНЫ ӨРКЕНДЕТЕДІ

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Қазіргі таңда отандық өндірісті өркендету — мемлекетіміздің басты бағыттарының бірі. Өйткені қуатты өндіріс — тұрақты экономиканың кепілі. Бұл бағытта үшінші...

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Айғақ медиа
06.11.2026
0

Білім күні қарсаңында Шымкентте 40 отбасы баспаналы болды. Салтанатты рәсімде қала әкімі жаңа пәтер иелеріне баспана кілттерін табыстап, қуанышты сәттерімен...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.