Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО-да облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынбақ
    Жаңалықтар

    ОҚО-да облыстық көркемсурет галереясының жаңа ғимараты салынбақ

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа08.11.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Кеше Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев суретшілерді қолдау, өнерін насихаттау, пікір алмасу, сондай-ақ, осы бағытты дамыту мақсатындағы ұсыныстарды талқылау мақсатында облыстық бейнелеу өнері музейінде болды. Онда аймақ басшысы суретшілер одағының мүшелерімен кездесіп, саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, жиынға ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ресей, Қырғызстан Көркемөнер академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ерболат Төлепбай қатысты.

    Отырыс барысында Қазақстан Суретшілер Одағы облыстық филиалының директоры Нұрлан Шилібаев өнер адамдарының әлеуметтік жағдайын жасау мәселесін көтеріп, шығармашылықпен айналысатын жұмыс орнының жоқтығына алаңдаушылық білдірді. Сондай-ақ, жергілікті суретшілердің туындыларын аталған бейнелеу өнері музейінің қорына сатып алу жайын қозғап, түрлі тақырыпта жоспардан тыс жылына екі рет көрме ұйымдастыруды сұрады. Филиал директоры өз баяндамасында облыс суретшілерінің шығармаларын халықаралық деңгейге көтеруды ұсынып, суретшілер шеберханасын құру қажеттігіне тоқталды.

    Мұнан соң,  ҚР еңбек сіңірген өнер қайраткері Ерболат Төлепбай сөз сөйлеп, саладағы өзге де өзекті жайттар бойынша ойын білдірсе, суретші, қолөнер шебері Кендебай Қарабдалов өзі тап болған кедергілер ретін аймақ басшысының алдына көлденең қойды.

    Осынау проблемаларға қанық болған аймақ басшысы нарықтық экономика заманында әрбір азамат күні-түні жұмыс істеп, еліміздің көркеюіне атсалысу қажеттігіне назар аударды. Шығармашылық өкілдерінің жұмысын тек жергілікті деңгейде ғана емес, халықаралық дәрежеде көрме ұйымдастыру арқылы өткізу керектігін айтқан әкім облыста заманауи талаптарға сай жаңадан Оңтүстік Қазақстан облысының көркемсурет галереясының салынатынын жеткізді.

    «Оңтүстік Қазақстан облысының көркемсурет галереясын салу туралы тапсырма бердім. Өйткені, сурет күтімді талап етеді. Маманданған жаңа ғимарат салынған соң, күн тәртібіндегі мәселелер өз ретімен шешімін табады деп ойлаймын. Сондай-ақ, мұнда шеберлік сабақтарын ұйымдастырып, симпозиум өткізу жайын қарастыратын боламыз», — деді Ж.Түймебаев.

    Айта кету керек, 2009 жылы суретшілерге қолдау көрсету, олардың шығармашылығын насихаттау мақсатында ашылған Көркемсурет галереясының жанынан 2015 жылы жаңа заманауи тұрғыда қосымша ғимарат салынып, нысан өз алдына «Бейнелеу өнері музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ретінде қайта құрылған болатын. Бүгінгі таңда, мұндағы шығармашылық туындыларының жалпы қоры 1015 дананы құрайды.14939424_1111991865583818_368970177433031570_oӨңірімізде Қазақстан Суретшілер одағының 88 мүшесі бар болса, оның 2-уі ҚР еңбек сіңірген қайраткері, 1-уі ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, 15-і «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

     

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.