Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»2017 жылдан бастап Қазақстан мен Жапонияның лауазымды тұлғалары 30 күнге дейінге мерзімде визасыз жол жүре алатын болады
    Жаңалықтар

    2017 жылдан бастап Қазақстан мен Жапонияның лауазымды тұлғалары 30 күнге дейінге мерзімде визасыз жол жүре алатын болады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа07.11.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

    Қазақстан мен Жапония дипломатиялық және қызметтік төлқұжаттары барларды өзара визадан босату туралы уағдаласты, деп хабарлады ҚазТАГ тілшілері ҚР сыртқы істер министрлігінің бапсасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

    Ведомство баспасөз қызметі таратқан хабарға сілтемелеп ҚР үкіметінің сайты хабарлағандай Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы мен Жапонияның дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмасу рәсімі өтті.

    Екі елдің лауазымды тұлғаларының визасыз сапарлары Қазақстан мен Жапония арасындағы саяси байланыстың одан әрі нығаюына және сауда-экономикалық ынтымақтастығын жандандыруға септігін тигізетін болады.

    «Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми іссапарымен бір мезгілде, біз 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап екі елдің дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы вербалды нотамен алмастық. Бұдан өзге, Мемлекет басшысының қазақстандық дипломатияның экономикалық бағытын нығайту туралы тапсырмасы бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жапонияның ұлттық төлқұжаты бар азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімде визасыз режим орнатылады. Бұл екі елдің инвестициялар, жаңа технологиялар және туризм саласындағы бизнес құрылымдары арасындағы іскери байланыстың қарқындылығын арттыруға мүмкіндік береді», — деді ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің директоры Ардақ Мәдиев.

    Оның айтуынша, вербалды ноталармен алмасу Қазақстанның барлық азаматы үшін визасыз режимді жеңілдету жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

    Қазақстандағы Жапония Елшілігінің кеңесшісі Ясумаса Идзима бүгінгі оқиға екі елдің саяси, экономикалық салалары мен екі ел азаматтарының сапары саласындағы өзара іс-қимылды нығайтуға септігін тигізетін болатынын айтты. «Біз Қазақстанның барлық азаматы үшін визалық режимді жеңілдетуге әрі қарай талпынатын боламыз», — деді жапон дипломаты.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.