Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Оңтүстіктегі сайлау қорытындысы белгілі болды
    Жаңалықтар

    Оңтүстіктегі сайлау қорытындысы белгілі болды

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.11.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Оңтүстік Қазақстанда облыстық және Түркістан қалалық мәслихаттарынан шығып қалған депутаттардың орнына халық қалаулыларын сайлау науқаны 30 қазан күні аяқталып, жеңімпаз депутаттардың есімі белгілі болды. Бұл туралы бүгін ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев хабарлады.
    «Кеше, 30 қазан күні өткен сайлау қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттығына Мақтарал ауданы №25 облыстық сайлау округі бойынша 93,7 пайыз басымдықпен (23695 дауыс) Джамалов Бауыржан Салдарұлы жеңіп шықса, Түркістан қалалық мәслихаттығына Түркістан қаласы №13 қалалық сайлау округі бойынша Мустапаев Ержан Хабибуллаұлы 91,3 пайыз дауыспен (4913 дауыс) басым түсті. Қосымша айтарым, сайлауға дайындық пен оны өткізу барысында сайлаушылар мен сенімді өкілдер, жалпы сол жердегі тұрғындар тарапынан сайлау комиссияларына арыз-шағымдар түскен жоқ. Сайлау ҚР сайлау туралы талаптарының заңына сай өткізілді», — деді Ә.Өмірәлиев.
    Баспасөз мәслихатында Ә.Кәденұлы жаңадан сайланған депутаттардың өмірбаянына қысқаша тоқталды. Айтуынша, облыстық мәслихат депутаты болып сайланған Джамалов Бауыржан Салдарұлы 1971 жылы туған. Шымкент қаласының тұрғыны «Жалтырбұлақ» АҚ директорлары кеңесінің және «Нұр Отан» партиясының мүшесі болып табылады. Ал Түркістандағы сайлауда айқын дауыспен басым болған Мустапаев Ержан Хабибуллаұлы 1981 жылы туған. Жүйнек ауылдық округ әкімінің кеңесшісі болған. Халық қалаулысы Түркістан қаласы, Қызыл жол елді мекенінде тұрады.
    Жалпы, кешегі өткен сайлауда облыстық мәслихат депутаттығы бойынша 25 мыңнан астам сайлаушылардың арасында 3 үміткер бақ сынасса, Түркістан қалалық мәслихатына 6,5 мыңнан астам сайлаушылардың ішінде 4 кандидат сынға түсті.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.