Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған ТЖД қызметкерінің туыстарына баспана кілтін табыстады
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі қызметтік міндетін атқару кезінде мерт болған ТЖД қызметкерінің туыстарына баспана кілтін табыстады

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа01.11.2016Комментариев нет1 Min Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Бүгін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев ОҚО ТЖД «Жедел құтқару жасағы» мемлекеттік мекемесінің құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы болған Жомарт Сарсенбековтың отбасына жаңа үйдің кілтін табыстады.
    Марқұмның шаңырағында болған кездесуде аймақ басшысы төтенше жағдай қызметкерінің бұл әрекетін ерлікке балап, жаңа үйге көрімдік ретінде тұрмыстық техникалар сыйлады. Ж.Қансейітұлы Ж.Сәрсенбековтың артында қалған жұбайы Ұлжанға ендігі кезекте бекем болып, ұл-қыздарын жетілдіруде қайсар да қайратты болуы қажеттігін жеткізді.
    14853184_1103754456407559_7079717409535568520_o
    Кәсіпкер демеушілер мен төтенше жағдай қызметкерлері сынды қайырымды азаматтардың атсалысуымен тұрғызылған үй бес бөлмелі. Қабырғалары күйген кірпіштен тұрғызылып, есік, терезелері сапалы материалдардан жасалған баспананың шатыры черепицамен жабылған. Сондай-ақ, онда дербес жылыту қазандығы орнатылған және ыстық сумен жабдықталған. Жалпы құны 11 млн. теңге болатын үйдің құрылыс жұмыстарына 2,5 ай (15 тамыз-30 қазан) уақыт кетіпті.
    Еске салайық, осы жылдың 30 мамырында Төлеби ауданының Сайрам-Өгем тау жотасындағы «Ақмешіт» тау шатқалында ОҚО төтенше жағдайлар департаментінің бас құтқарушысы болған жерлесіміз — Сарсенбеков Жомарт Орынбасарұлы құтқару жұмыстарын жүргізу барысында биіктігі 100 м  шамасындағы жартасты тік жардан құлап кетіп, мерт болған болатын.
    Сайрам ауданы, Құтарыс ауылында 1973 жылы дүниеге келген марқұмның артында жұбайы мен 5 ұл-қызы қалды.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.