Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»Тәуелсіздік жылдарында Сайрамда жалпы өңірлік өнім 23 есеге өскен
    Жаңалықтар

    Тәуелсіздік жылдарында Сайрамда жалпы өңірлік өнім 23 есеге өскен

    Айғақ медиаАйғақ медиа27.10.2016180 Views

    Бұл туралы бүгін Сайрам ауданының әкімі Самат Сапарбаев ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады. Айтуынша, ауданда егемендік алған жылдары жалпы өңірлік өнім 3,8 млрд. теңгеден 90,3 млрд. теңгеге өсіп, жан басына шаққанда 449,3 мың теңгеге жеткен. Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы десек, 1991 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары 224,8 млн. теңгенің өнімін өндірсе, 2015 жылы бұл көлем 18194,0 млн. теңгеге жетіп, көрсеткіш 8,1 есеге артқанын көрсетіп отыр.

    «Егемендік жылдарында ауданда ірі қара мал саны 1991 жылы 61 мыңнан асса, 2016 жылы 151 мыңнан астам басқа жетіп, 2,4 есеге өсті. Қой-ешкі саны 65 мың бастан 99 мың басқа жетіп, 150 %-ды құрады. Жылқы 6500 бастан 37 мың басқа жетіп, 574 %-ды құрады. Ет өнімі 1991 жылғы 6880 тоннадан 21000 тоннаға жетіп, 3 есеге өсті. Сүт өнімі 1991 жылы – 40684 тонна болса, 2016 жылы -160 мың тоннаға жетіп, 2,8 есеге өсті. Жұмыртқа 1991 жылы – 98500 болса, 2016 жылы – 142 мың данаға жетіп, 1,4 есеге өсті. Жүн 197 тоннадан 224 тоннаға, немесе 137 %-ға өсті», — деді С.Сапарбаев.

    Баспасөз жиынында өзге де салалардағы жетістіктерге тоқталған аудан басшысы туризм саласы бойынша Сайрамда егемендік алғанға дейін жұмыс істелмегенін алға тартып, осынау тәуелсіздік жылдарында салаға ерекше көңіл бөлу арқасында ауданның табысты бизнес түрінің біріне айналғанын жеткізді. Атап айтқанда, бүгінгі таңда Сайрамдағы Абылай хан ат басын тіреген Ханқорған төбесі, Сиқым баба, Жаныс баба кесенелері де халық игілігі үшін жұмыс жасауда екен. Сайрам ауданы қалаға жақын орналасқандықтан Ақсу, Машат, Арыс өзендері мен Көлкент және Қырықкөл деп аталатын көлдер бойында демалыс нысандары көптеп бой көтеріп, келушілердің саны да жыл санап артып келе жатқаны баяндалды.

    Тілшілермен болған кездесуде Самат Айдарханұлы күнделікті халыққа қажетті тамақ өнімдерінің 20 түрінің 18-і, яғни, қант пен тазартылған күріштен басқа өнімдердің барлығы Сайрамда өндірілетінін мақтан етті. Барлық салалар бойынша даму көрсеткіштері жақсарып келе жатқан ауданда тамақ өнімдерінің 11 түрі ауданда артығымен өндірілетінін алға тартты.

    Сондай-ақ, өз сөзінде коммуналдық, әлеуметтік, сәулет, құрылыс, білім, мәдениет, спорт салалары сынды өзге де бағыттағы жетістіктерді жеткізген аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстардың одан әрі жалғасатынын жеткізді.

    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ЕРЕКШЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕТІСТІГІ

    28.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ӨНЕРНДІҢ ЖАҢҒЫРУЫ

    27.11.2026

    ҰЛТТЫҚ НАҚЫШ ПЕН ЗАМАНАУЫ СӘН ҮЙЛЕСІМІ

    27.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.