Бүгін парламенті мәжілісінің депутаты Сергей Дьяченко ауыр науқастан қайтыс болды. Бұл туралы мәжілістің пленарлы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин айтты, деп хабарлайды Bag.kz.
«Сергей Дьяченко Мәжілістің екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы шақырылымдарында депутат болды. Төрағаның орынбасары қызметін атқарды. Өкінішке қарай, бүгін таңертең ауыр науқастан қайтыс болды. Барлықтарыңыздың атынан марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын», — деді Нұрлан Нығматулин.
Сонымен қатар ол Саяси ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, мәжілістің бірнеше шақырылымында депутат болды. Ақмола облысы әкімі қызметін атқарды.
Дьяченконың артында әйелі мен үш баласы және төрт немересі қалды.
Ақпарат көзі: ҚазТаг.