Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ TV
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Жаңалықтар»ОҚО әкімі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы есте қаларлықтай тойлануы қажет
    Жаңалықтар

    ОҚО әкімі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығы есте қаларлықтай тойлануы қажет

    Айғақ медиаBy Айғақ медиа25.10.2016Комментариев нет2 Mins Read
    Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Share
    Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
    Дүйсенбі күні облыс әкімдігінде өңір басшысы Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдерінің қатысумен селекторлық мәжіліс өтті.
    Жиында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өту барысы мен облыстағы қылмыстық ахуал және жылыту маусымының барысы туралы мәселелер қаралды.
    Тәуелсіздік – еліміздің үлкен жетістігі екенін айтқан облыс әкімі мерекені тойлауды қатардағы іс-шараларға қоспай, отансүйгүштікке тәрбиелейтін ерекше кездесулерге айналдыру қажеттігіне тоқталды. Яғни, егемендік жылдарында атқарылған ерен істер жайы баяндалатын шаралар ұйымдастырылуы тиіс.
    Селекторлық мәжілісте қаралған екінші мәселе бойынша ОҚО ІІД басшысы мен ОҚО Жергілікті полиция басшылары атқарылған жұмыстар бойынша мәлімдеме жасады.
    Өңірдегі қылмыстық ахуал бойынша баяндама жасаған облыстық Жергілікті полиция қызметінің басшысы Б.Абылаев  9 айда аса ауыр қылмыс саны 14,7 пайызға, қарақшылық шабуыл 20,6%, бұзақылық 11,2%, ал жол-көлік оқиғалары 4,3 пайызға азайғанын айтты.
    Сонымен қатар баяндамашының мәліметі бойынша көшедегі және қоғамдық орындардағы қылмыс санын азайту мен жол апатын төмендету мақсатында жыл соңына дейін облыс орталығында 236 сыртқы бейнебақылау камералары мен 10 жол қиылысына арналған арнайы камералар орнатылатын болды.
    Аймақ басшысы қылмыстық ахуалды жақсарту бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
    Жиынның күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша облыстық энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы М.Марайым облыстың жылыту маусымына дайындық барысын баяндады.
    Бүгінгі күнге облыстағы 3272 бюджеттік мекемелерінің 2816-на жылу берілген. Ал өңірдегі орталықтандырылған жылу жүйелерінен қамтылатын  2278 көпқабатты тұрғын үйдің 2118-не  жылу беріле бастады.
    Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жайын күн тәртібінен тыс қалдырмаған облыс әкімі  барлық аудан, қала әкімдеріне және тиісті сала басшыларына кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарынан бір жерден құжат алу мүмкіндігін ұйымдастыруды тапсырды. Яғни, кәсібін ашамын деген әрбір азаматқа қолдау білдіріп, қағазбастылықтан арылуды міндеттеді.
    Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев барша мекеме басшылары мен аудан, қала әкімдеріне ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өтілуін жіті қадағалауды және әрбір көтерілген мәселелер бойынша нақты ұсыныстар күтетін жеткізді.
    ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

    12.11.2026

    35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

    12.11.2026

    ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

    12.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.